Accessibility links

Гамелея орталығы "Спутник V" вакцинасын омикрон-штамына бейімдеуге кірісті


Ресейдің Гамалея атындағы ғылыми орталығы "Спутник V" вакцинасын жаңадан пайда болған "Омикрон" штамына бейімдеуге кірісті. Бұл орталық қолданыстағы "Спутник V" вакцинасының да пайдалы әсері бар деп санайды. Бұл жөнінде Ресейдің тікелей инвестициялар қоры хабарлады.

Вакцина жасаушылар сөзіне қарағанда, қажет болған жағдайда жаңа нұсқа 45 күн ішінде жаппай өндіріске енгізіледі.

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбургтың сөзінше, мамандар "Спутника V" вакцинасынан пайда болған антиденелердің омикрон-штамды қалай жоятынын тексереді.

- Бұл эксперимент кезінде біз штамм мен сарысуды араластырып, вирустың қай тұста көбейіп, қай тұста азаятынын анықтаймыз, содан соң вирус жойғышын белгілейміз,- деді Гинцбург.

Егер көрсеткіштер сарысу белсенділігінің азайғанын 10 рет көрсетсе, онда вакцинадағы штамды ауыстыру қажет болады.

  • Бұған дейін BioNTech мен Pfizer компаниялары да вакциналарын "Омикронға" бейімдей бастағанын хабарлаған. Modern бас директоры Стефан Бансел омикрон штамға қарсы жаңа вакцина әзірлеуге бірнеше ай керектігін айтқан.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы омикрон-штамға қазіргі қолданыстағы вакциналар қарсы тұра алмауы мүмкін деп мәлімдеген.
  • Жаңа штамм пайда болуына байланысты Израиль мен Жапония шетел азаматттарын кіргізбейтін болған. Ұлыбритания мен Еуропа одағының бірқатар елдері және АҚШ Оңтүстік Африканың омикрон штамы шыққан елдерінің азаматтарын кіргізбейтінін хабарлаған.
  • Бүгін, 30 қарашада Қазақстан үкіметі де осыған ұқсас шектеу шараларын жариялады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG