Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында оқ атылды


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасындағы Дахма аймағында оқ атылғанын хабарлады.

Бұл хабарға қарағанда, 1 желтоқсанда кешкі сағат 21-ден өте мемлекеттік шекараның шартты учаскесінде Тәжікстан жақтан белгісіз адамдар аңшы мылтығымен 7-8 рет оқ атқан.

Қырғызстан және Тәжікстанның шекара бекеттерінің қызметкерлері оқ атқандарды шұғыл іздестіруге келіскен.

Бұл мәселе бойынша Баткен және Соғды облыстарының өкілдері телефонмен сөйлескен.

Қырғызстан түнгі сағат 22:30-ге қарата жағдай тынышталғанын хабарлады. Тәжікстан әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Қырғызстан ақпаратына қарағанда, сол күні Баткен ауданының Көк-Таш ауылы тұрғынын көрші елдің азаматтары ұрып, ол ауруханаға түскен. Қырғызстандықтар бір тәжік азаматын ұстап, кейін босатқан.

Қырғыз-тәжік шекарасында жиі қақтығыстар болып тұрады. Биыл көктемдегі қарулы қақтығыс кезінде екі тараптан да ондаған адам оққа ұшып, жарақаттанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG