Accessibility links

Бішкекте Текебаевты "ұрып кеткен" күдіктілердің бірі ұсталды


Өмірбек Текебаев.
Өмірбек Текебаев.

Қырғызстан милициясы саясаткер Өмірбек Текебаевты тонап, ұрып-соқты деп күдікке ілінген бір адамды ұстады. Бұл жөнінде Бішкек милициясы 1 желтоқсанда кешке хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда Шу облысында туған 1998 жылғы Э.Ы. есімді адам уақытша қамау изоляторына қамалған. Ол Текебаевтың телефонын өз еркімен қайтарған. Құқық қорғау органдары шабуылға қатысы бар өзге күдіктілерді анықтап жатқанын хабарлады.

Бір күн бұрын, 1 желтоқсанда күндіз Бішкекте "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаевты мейрамханалардың бірінде бірнеше адам ұрып кеткен. Саясаткер шабуылды "саяси террор" деп атап, қызметімен байланыстырды.

Президент Садыр Жапаров Ішкі істер министрлігіне саясаткерді ұрып-соққандарды табуды тапсырды. "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

Кейін "Ата мекен" партиясының жақтастары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп, кінәлілерді жазаға тартуды сұрады.

Өмірбек Текебаев – "Ата Мекен" партиясының лидері, парламентке алты рет депутат болып сайланған. 2005-2006 жылдары спикер болған. 28 қарашада өткен сайлауда партия тізімін бастап тұрған еді. Алдын ала нәтиже бойынша "Ата Мекен" партиясы 4 пайыз дауыс жинап, парламентке өтпей қалды.

"Ата Мекен" мен бірнеше партия сайлау нәтижесін мойындамайды. Олар Орталық сайлау комиссиясының алдында наразылыққа шығып, сайлау нәтижесін жоюды талап етті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG