Accessibility links

Оралда сақшылар бекетінен полицейдің денесі табылды


Полиция көлігі. Көрнекі сурет.
Полиция көлігі. Көрнекі сурет.

Оралда сақшылар бекетінен қалалық полиция басқармасы қызметкерінің денесі табылды. Полиция өкілдері 20 жастағы кіші сержант өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деп болжайды.

Полиция қызметкерінің денесі 3 желтоқсанда таңертең жұмыс орнында табылған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, табельдік қарудан бір оқ атылған.

"Ішкі істер органдарында 2021 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеген, тамыз айында қызметке алынды. 2019 жылдың маусымы мен 2020 жылдың маусымы аралығында қарулы күштерде жедел қызмет атқарды. Осы уақыт аралығында өзін жақсы жағынан көрсетті. Шыныққан. Жұмыс режимін сақтаған, жұмысына кешікпеген. Қызметі кезінде айыппұл алған кезі болған жоқ" деді департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерінің өліміне байланысты тергеу амалдары басталған, алайда полиция "тергеу құпиялылығын" алға тартып, нақты қай бап бойынша іс қозғалғанын айтудан бас тартты.

"Барлық болжам тексеріледі" деді полициядағылар.

Қараша айында қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында әскери бөлім қызметкерінің мерт болғанын хабарлаған. Ведомство одан "өлімалды хат" табылғанын айтып, марқұмның суицид жасағанын айтқан. Қорғаныс министрлігі "тергеу құпиялылығына байланысты" және туыстарының өтінішіне орай өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG