Accessibility links

АҚШ ұйымдастырған Демократияны қолдау саммиті аяқталды


АҚШ президенті Джо Байден Демократияны қолдау саммиті кезінде сөйлеп тұр.

АҚШ ұйымдастырған Демократияны қолдау саммиті аяқталды. Ол коронавирус індетіне байланысты онлайн өтті. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, әлемдегі демократиялық елдер арасында лидер болып үйренген АҚШ форум кезінде бірқатар қиындыққа тап болған.

Ондаған ел жетекшілері мен үкіметтік емес ұйымдар, қайырымдылық қор өкілдеріне үндеу жасаған Ақ үй жетекшісі демократияда "шекара жоқ" деп мәлімдеді.

Президент Джо Байденнің сөзіне қарағанда, АҚШ демократиялық құндылықтарды жақтайтын кез келген елмен жұмыс істеуге даяр. АҚШ "өз халқын тұншықтырмай, еркін тыныс алуына мүмкіндік беретін" лидерлердің барлығын қолдайды, деді Байден.

АҚШ басшысы әлем автократия және демократия арасындағы тайталаста "бетбұрыс кезеңіне таяды" деп бірнеше рет атап өтті.

Ақ үй әлемдегі ірі автократ елдері деп атаған Қытай мен Ресей саммитке шақырылған жоқ. Мәскеу мен Пекин Байден әкімшілігін "қырғи-қабақ кезеңіндегідей" идеологиялық алауыздықты қоздырды деп айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG