Accessibility links

Вице-премьер: Жаңаөзен оқиғасының нүктесі баяғыда қойылған

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осыдан он жыл бұрын болған Жаңаөзен оқиғасының бар шындығы ашылды деп санайды.

– Жаңаөзен шындығы ашылған. Нүктесі баяғыда қойылған, - деді 14 желтоқсанда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Тоғжанов.

Кейбір белсенділер Жаңөзен оқиғасы кезінде халыққа оқ атуға бұйрық бергендер жазаланбады деп мәлімдеп, жоғары басшылар арасынан ешкімнің жауапқа тартылмағанын меңзеген. Олар қантөгісті қайта зерттеу қажеттігін алға тартқан. 14 желтоқсан күні премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов он жыл бұрынғы қантөгіске қатысты қайта зерттеу жүргізуді қолдамайтынын айтты.

– Ешқандай зерттеу керек емес. Сол жерге қатысқан азаматтардың барлығының жағдайы жасалды. Өткенде ғана Жаңаөзенде үлкен ас берілді. Ниет білдіретін азаматтардың барлығы жиналды. Сондықтан халықтың өзі сол жерде шешімдерін қабылдап жатыр, – дейді ол.

2011 жылы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың бірнеше айға жалғасқан бейбіт наразылық акциясын полиция оқ атып таратқан. Ресми мәлімет бойынша, "Жаңаөзен оқиғасы" кезінде 17 адам көз жұмған. Бірақ қала тұрғындары мен құқық қорғаушылар, құрбандар саны бұдан көп деп санайды.

Бірнеше жыл бұрын ереуілшілерге заңсыз оқ атқаны үшін полицияның бес офицері бес жылдан жеті жылға дейін түрме жазасына кесілген. Ал ереуілге қатысты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" айыбы тағылған 37 адамның 13-і үш пен жеті жыл аралығында сотталған. 21 адам шартты жаза алып, үшеуі ақталған.

Жаңаөзен қырғынына байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша сотталғандардың барлығы кейін бостандыққа шықты. Кейбір қоғамдық белсенділер мен Жаңаөзен оқиғасының куәгерлері бейбіт халыққа оқ атуға бұйрық бергендер жауапқа тартылмады деп санайды.

"Жаңаөзен шындығы ашылсын!" Маңғыстауда қантөгіс құрбандарын еске алды

<p>Еске алу шарасы Жаңаөзен оқиғасынан кейін құрылған &quot;Өзенмұнайгаз&quot; бұрғылау жұмыстары басқармасы мекемесінің алдындағы алаңда өтті. Алайда сенбі күні мекеменің алдына күзет қойылып, күзетшілер &quot;әлдебір тізім бойынша&quot; адамдарды кіргізді. Олар әуелі Азаттық тілшісіне де &quot;тізімде жоқсың&quot; деп кіргізбеуге тырысты, жұрт наразы болған соң кіргізді. Мекемеге кіреберіс, 11 желтоқсан 2021 жыл.&nbsp;</p>
1/17

Еске алу шарасы Жаңаөзен оқиғасынан кейін құрылған "Өзенмұнайгаз" бұрғылау жұмыстары басқармасы мекемесінің алдындағы алаңда өтті. Алайда сенбі күні мекеменің алдына күзет қойылып, күзетшілер "әлдебір тізім бойынша" адамдарды кіргізді. Олар әуелі Азаттық тілшісіне де "тізімде жоқсың" деп кіргізбеуге тырысты, жұрт наразы болған соң кіргізді. Мекемеге кіреберіс, 11 желтоқсан 2021 жыл. 

11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Мекеме алдына үш палатка тігілді. Шараға шамамен 300 шақты адам жиналды. Арасында Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының туыстары, оқиғадан зардап шеккендер, белсенділер болды. Жаңаөзен, 11 желтоқсан 2021 жыл.&nbsp;
2/17 Мекеме алдына үш палатка тігілді. Шараға шамамен 300 шақты адам жиналды. Арасында Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының туыстары, оқиғадан зардап шеккендер, белсенділер болды. Жаңаөзен, 11 желтоқсан 2021 жыл. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Билік өкілдері тарабынан шараға Жаңаөзен әкімі Мақсат Ибағаров қатысты. &quot;Бұл шараны кім ұйымдастырды?&quot; деген Азаттық тілшісінің сауалына әкім &quot;мекеме жұмысшылары&quot; деп жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, жекелеген орындарда індетке байланысты бірқатар тыйымдар бар. Сол себепті мекеме жұмысшылары шараны осы жерге өткізуді ұйғарған. Жаңаөзен, 11 желтоқсан 2021 жыл.&nbsp;
3/17 Билік өкілдері тарабынан шараға Жаңаөзен әкімі Мақсат Ибағаров қатысты. "Бұл шараны кім ұйымдастырды?" деген Азаттық тілшісінің сауалына әкім "мекеме жұмысшылары" деп жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, жекелеген орындарда індетке байланысты бірқатар тыйымдар бар. Сол себепті мекеме жұмысшылары шараны осы жерге өткізуді ұйғарған. Жаңаөзен, 11 желтоқсан 2021 жыл. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Еске алу шарасына белсенді Роза Төлетаева да келді.&nbsp;Роза Төлетаева &ndash; Жаңаөзен оқиғасынан соң абақтыға жабылған 13 адамның арасындағы жалғыз әйел. Жеті жылға сотталып, кейін бостандыққа шыққан Роза Төлетаева Жаңаөзен ісі бойынша сотта полицейлердің өзін азаптағанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, полицейлер тергеу барысында оны &quot;шашынан көтеріп асып, тұншықтырған&quot;. Оның азаптау жайлы шағымы қаралмады. 11 желтоқсан күнгі еске алу шарасында ол бұл тақырыпқа әзірге оралғысы келмейтінін, Қазақстанда азаптау әлі тоқтамағанын айтты.&nbsp;
4/17 Еске алу шарасына белсенді Роза Төлетаева да келді. Роза Төлетаева – Жаңаөзен оқиғасынан соң абақтыға жабылған 13 адамның арасындағы жалғыз әйел. Жеті жылға сотталып, кейін бостандыққа шыққан Роза Төлетаева Жаңаөзен ісі бойынша сотта полицейлердің өзін азаптағанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, полицейлер тергеу барысында оны "шашынан көтеріп асып, тұншықтырған". Оның азаптау жайлы шағымы қаралмады. 11 желтоқсан күнгі еске алу шарасында ол бұл тақырыпқа әзірге оралғысы келмейтінін, Қазақстанда азаптау әлі тоқтамағанын айтты. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
&quot;Тергеу абақтысындағы азаптау&quot; жайлы мәлімдеген, ауыр сырқаттан үш жыл бұрын қайтыс болған мұнайшы&nbsp;<strong><a href="https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-maksat-dosmaganbetov/29516067.html" target="_blank">Мақсат Досмағамбетовтің</a></strong>&nbsp;шешесі Оңайгүл Досмағамбетова (сол жақтан алғанда алдыңғы қатарда үшінші болып тұр) жиналғандар алдында сөйледі. &quot;Қанша еске алсақ та, баламыз ортамызға оралмайды, бірақ енді мұндай қанды оқиғалар қайталанбасын&quot; деді ол.&nbsp;
5/17 "Тергеу абақтысындағы азаптау" жайлы мәлімдеген, ауыр сырқаттан үш жыл бұрын қайтыс болған мұнайшы Мақсат Досмағамбетовтің шешесі Оңайгүл Досмағамбетова (сол жақтан алғанда алдыңғы қатарда үшінші болып тұр) жиналғандар алдында сөйледі. "Қанша еске алсақ та, баламыз ортамызға оралмайды, бірақ енді мұндай қанды оқиғалар қайталанбасын" деді ол. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Еске алу шарасында мал сойылып, дастархан жайылды. Жиналғандар құрбандардың рухына құран бағыштады.&nbsp;
6/17 Еске алу шарасында мал сойылып, дастархан жайылды. Жиналғандар құрбандардың рухына құран бағыштады. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Еске алу шарасына 2011 жылы оқиға кезінде &quot;аяғыма оқ тиді, сол кезде берілген 500 мың теңгеден басқа көмек тимеді, қазір жұмыссызбын&quot; деген Гүлмира Хангереева есімді 35 жастағы әйел де келді. Ол өзін Жаңаөзен оқиғасынан зардап шеккен азаматтардың бірі ретінде таныстырды. Хангереева облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына өзін жұмысқа алуды сұрап жазған арызын әкелген. Жиналғандардың бір бөлігі оның арызын құптап, қол қойып жатты.
7/17 Еске алу шарасына 2011 жылы оқиға кезінде "аяғыма оқ тиді, сол кезде берілген 500 мың теңгеден басқа көмек тимеді, қазір жұмыссызбын" деген Гүлмира Хангереева есімді 35 жастағы әйел де келді. Ол өзін Жаңаөзен оқиғасынан зардап шеккен азаматтардың бірі ретінде таныстырды. Хангереева облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына өзін жұмысқа алуды сұрап жазған арызын әкелген. Жиналғандардың бір бөлігі оның арызын құптап, қол қойып жатты.
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Жиналғандар &quot;Жаңаөзен оқиғасы кезінде жараландым&quot; деп мәлімдеген, облыс басшылығынан жұмысқа орналастыруды сұрап хат жазған қала тұрғыны Гүлмира Хангерееваның арызын қолдап, қол қойып жатыр.
8/17 Жиналғандар "Жаңаөзен оқиғасы кезінде жараландым" деп мәлімдеген, облыс басшылығынан жұмысқа орналастыруды сұрап хат жазған қала тұрғыны Гүлмира Хангерееваның арызын қолдап, қол қойып жатыр.
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Жұрт бұдан соң Жаңаөзен құрнбандары жерленген Теңге ауылындағы зиратқа барды. Маңғыстау облысы,11желтоқсан 2021 жыл.&nbsp;
9/17 Жұрт бұдан соң Жаңаөзен құрнбандары жерленген Теңге ауылындағы зиратқа барды. Маңғыстау облысы,11желтоқсан 2021 жыл. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Зират маңында тұрған белсенділер.
10/17 Зират маңында тұрған белсенділер.
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Жиналғандар оқиға құрбандарының атып атап, құран бағыштады. Белсенді Нұрлыбек Нұрғалиев 2011 жылы &quot;қанға бөккен ауруханада алған жарасы жанына батып, ыңырсыған адамдардың үні әлі құлағымызда, бұл оқиғаны ұмытпаймыз&quot; деді.&nbsp;
11/17 Жиналғандар оқиға құрбандарының атып атап, құран бағыштады. Белсенді Нұрлыбек Нұрғалиев 2011 жылы "қанға бөккен ауруханада алған жарасы жанына батып, ыңырсыған адамдардың үні әлі құлағымызда, бұл оқиғаны ұмытпаймыз" деді. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
<p>Жаңаөзен оқиғасы куәгерлерінің бірі болған Александр Боженко да осы зиратта жерленген. 20 жастағы Александр Боженко 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған мұнайшылардың ісі қаралған сот процесі кезінде тергеушілердің көрсеткен қысымына шыдамай, мұнайшыларға қарсы жалған куәлік беруге мәжбүр болғанын мәлімдеп, сот залында олардан кешірім сұраған еді. Осыдан кейін көп ұзамай жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болған. Суретте Жаңаөзен тұрғыны Нұржан Нәренов Боженконың қабірі жанында тұр.&nbsp;</p>
12/17

Жаңаөзен оқиғасы куәгерлерінің бірі болған Александр Боженко да осы зиратта жерленген. 20 жастағы Александр Боженко 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған мұнайшылардың ісі қаралған сот процесі кезінде тергеушілердің көрсеткен қысымына шыдамай, мұнайшыларға қарсы жалған куәлік беруге мәжбүр болғанын мәлімдеп, сот залында олардан кешірім сұраған еді. Осыдан кейін көп ұзамай жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болған. Суретте Жаңаөзен тұрғыны Нұржан Нәренов Боженконың қабірі жанында тұр. 

11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Белсенді Мұратбай Жұмағалиев зират басында &quot;37 адам сотталған Жаңаөзен ісінің қайта тергелуін талап етеміз. Осыған дейін екі рет Ақордаға барып, хат тапсырдық. Жаңаөзен шындығы ашылуы тиіс! Бәз-біреулер билік кеткеннен кейін немесе кейін ашылады дейді. Бұл бос әңгіме. Қазір талап етпесек, ол ешқашан ашылмайды&quot; деді. Суретте: Жиналғандар құран оқып отыр.&nbsp;
13/17 Белсенді Мұратбай Жұмағалиев зират басында "37 адам сотталған Жаңаөзен ісінің қайта тергелуін талап етеміз. Осыған дейін екі рет Ақордаға барып, хат тапсырдық. Жаңаөзен шындығы ашылуы тиіс! Бәз-біреулер билік кеткеннен кейін немесе кейін ашылады дейді. Бұл бос әңгіме. Қазір талап етпесек, ол ешқашан ашылмайды" деді. Суретте: Жиналғандар құран оқып отыр. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Жиналғандар оқиға құрбандарына құран бағыштап жатыр.&nbsp;
14/17 Жиналғандар оқиға құрбандарына құран бағыштап жатыр. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Ауыр сырқаттан көз жұмған мұнайшы Мақсат Досмағамбетовтің қабірі басында жұрт марқұмға құран бағыштады. Келгендер арасында марқұмның анасы Оңайгүл Досмағамбетова да бар. Маңғыстау облысы, Теңге ауылы 11 желтоқсан 2021 жыл.
15/17 Ауыр сырқаттан көз жұмған мұнайшы Мақсат Досмағамбетовтің қабірі басында жұрт марқұмға құран бағыштады. Келгендер арасында марқұмның анасы Оңайгүл Досмағамбетова да бар. Маңғыстау облысы, Теңге ауылы 11 желтоқсан 2021 жыл.
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Жаңаөзен оқиғасынан кейін тергеушілердің азаптағанына бірінші болып шағымданғандардың бірі белсенді Роза Төлетаева.&nbsp;
16/17 Жаңаөзен оқиғасынан кейін тергеушілердің азаптағанына бірінші болып шағымданғандардың бірі белсенді Роза Төлетаева. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
&quot;Өзенмұнайгаз&quot; бұрғылау жұмыстары басқармасы мекемесі.&nbsp;
17/17 "Өзенмұнайгаз" бұрғылау жұмыстары басқармасы мекемесі. 
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында он жыл бұрынғы қантөгіс құрбандарын еске алды. Оған шамамен 300 адам қатысты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылмағанын алға тартып, "Жаңаөзен ісінің" қайта қаралуын талап етті. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG