Accessibility links

Франция премьер-министрі: Омикрон Еуропада "жарық жылдамдығындай" тез тарап жатыр


Франция премьер-министрі Жан Кастекс.
Франция премьер-министрі Жан Кастекс.

Омикрон Еуропада "жарық жылдамдығындай" тез тарап жатыр және келесі жылдың басында Францияда коронавирустың негізгі түріне айналуы әбден ықтимал. 17 желтоқсанда Франция премьер-министрі Жан Кастекс осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінен BBC агенттігі үзінді келтірді. Жұма күні Франция Ұлыбританиядан келетін азаматтардың елге кіруіне қатаң шектеу қойған.

Ұлыбритания Омикрон өте шапшаң тарап жатқан елдердің бірі. Жұма күні онда 15 мыңнан астам адамнан коронавирустың аталған түрі анықталған.

Германия 17 желтоқсанда бір күнде 50 мың науқасты тіркеді. Денсаулық сақтау министрі ақпарат құралдарына "бұрын-соңды кездеспеген қиындыққа дайындалуға тиіспіз" деді.

Коронавирустың өте шапшаң тарайтын түрі – Омикрон жайлы әлі де ақпарат аз, дегенмен денсаулық сақтау саласының мамандары Омикронға шалдыққандардың еселеп көбейіп жатқанын айтып отыр.

Лондон Империал колледжінде жүргізілген зерттеуге сәйкес, Омикронды жұқтыру қаупі Дельтаға қарағанда 5,4 есе көп. Омикрон коронавирусты жеңген немесе вакцинаның екі дозасын алған азаматтарға да жұғуы мүмкін. Дегенмен Ұлыбритания немесе Еуропаның өзге елдері Омикрон ауруханаға түскендер немесе адам өліміне әсер етпегенін айтады. Бірақ денсаулық сақтау саласының мамандары соған қарамастан сақ болуға үндейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG