Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларды сақтау жөніндегі тізіміне енді.
16 желтоқсанда ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларын сақтау жөніндегі үкіметаралық комитеттің сессиясында осындай шешім қабылданды.
Мұндай бастаманы Қырғызстан көтерген. Ұйымның Франциядағы штаб-кеңсесінде онлайн форматта ұйымдастырылған жиналысқа қырғыз мәдениет министрі бастаған топ қатысты.
Биыл ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне әлем елдерінен 59 өтініш қаралып жатыр.
Қазір бұл тізімге әлем бойынша 601 элемент кіреді. Қырғызстаннан тізімге "Манас, Семетей, Сейтек" трилогиясы, ақындық өнер, киіз бен кілем дайындау өнері, киіз үй дайындау (Қазақстан, Қырғызстан), айтыс (Қазақстан, Қырғызстан), жұқа нан пісіру мәдениеті, Наурыз және көкпар енген.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстан бастамасымен 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.
ПІКІРЛЕР