Accessibility links

Ресей СІМ орынбасары: НАТО постсоветтік елдерге жақындамауға тиіс

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко

АҚШ пен оның одақтастары өткен аптада Мәскеу ресми түрде жариялаған Еуропадағы қауіпсіздік туралы келісім жобасын құптамаса, онда Ресей НАТО-ға "қарсы қатер" ойластыратын болады. Мұны сенбі күні Бұл жөнінде "Соловьёв LIVE" ютуб-арнасының эфирінде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко айтты.

Президент Владимир Путин бүған дейін Ресей қауіпсіздігіне кепілдік ретінде ұсынған жобаларда Украина мен Грузияны НАТО-ға қабылдамау, СССР-дің кез келген бұрынғы республикасымен әскери-техникалық ынтымақтастық жасаудан бас тарту (НАТО-ға қосылған Балтық елдерінен өзге), Еуропаға орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар мен АҚШ-тың ядролық қаруын орналастырмау мәселелері көрсетілген еді.

Грушконың сөзінше, Ресейдің ұсынысы "Мәскеу мен Батыс қарым-қатынасындағы қауіпті сызықтан" алшақтауды көздейді. Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, "ұсыныс нақты және түсінікті" жасалған, оның ойынша НАТО елдері Ресеймен арадағы бұрынғы келісімдерді бұза бастаған.

Грушконың сөзіне қарағанда, Ресей ұсынысын Батыс сөзбұйдаға сала алмайды. Өйткені ол ұсыныстар "әскери немесе әскери техникалық сценарийдің баламасы" болып саналады, егер Батыс келіспесе Ресей "қарсы қатер" режиміне көшеді. "Бірақ ол кезде неге мұндай шешім қабылдағанымызды сұрауға кеш болады", - министр орынбасары.

Кейінгі апталарда Батыс елдерінің барлау қызметтері Ресей әскерінің Украина шекарасына шоғырлана бастағанын байқаған. Бұл жайтты АҚШ пен одақтастары Ресейдің Украинаға басып кіру алдындағы дайындығы болуы мүмкін деп бағалаған.

Мәскеу НАТО-ны кінәлап, НАТО-ның Украинадағы Ресейге қауіп төндіретінін, Ресей қаіпсіздігіне кепілдік беру қажеттігін сұраған. Осы аптада жарияланған құжаттың ауқымы тым үлкен. АҚШ Ресей ұсынысын одақтастарымен талқылайтынын, бірақ НАТО-ның негізгі ұстанымдары мен Еуропадағы қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұратынын мәлімдеген еді.

Бұрынғы СССР құрамында болған республикалар 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін НАТО-мен түрлі деңгейде ынтымақтастық орнатқан. Қазақстан да НАТО-мен 1997 жылдан бері "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасы аясында байланыс орнатып, әртүрлі бірлескен әскери іс-шараларға қатысқан.

XS
SM
MD
LG