Accessibility links

Қырғызстанның арнайы қызметі экс-депутат Бақтыбек Калмаматовты қамауға алды


Бактыбек Калмаматов.
Бактыбек Калмаматов.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Жогорку Кеңештің экс-депутаты Бақтыбек Калмаматовты өшпенділікті тұтатты деген күдікпен қамауға алғанын мәлімдеді.

Арнайы қызмет таратқан мәліметке қарағанда, ол әлеуметтік желілерде аймақаралық өшпенділікті тұтатуға себепші болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, экс-депутат уақытша қамау изоляторына қамалған.

Осының алдында Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Бақтыбек Калмаматов әуежайдан Сауд Арабияға екі аптаға кіші қажылыққа ұшпақ болған жерінен өзін ұстап әкеткенін мәлімдеген. Ол мұны видео үндеу арқылы таратқан.

Осыдан кейін оның адвокаты Айым Камчыбекова арнайы қызмет оның төлқұжаты жалған болуы мүмкін деп күдіктеніп жатыр деген.

Билікті ашық сынаушы Бақтыбек Калмаматов 28 қарашада өткен парламент сайлауы кезінде "Азаттық" партиясы атынан сайлауға түскен. Бірақ бұл партия 5 пайыздық межені еңсере алмай, Жогорку Кеңешке өте алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG