Accessibility links

Зеленский АҚШ конгресмендерімен шекарадағы жағдайды және НАТО төңірегіндегі ахуалды талқылады


Владимир Зеленский.
Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ конгресіндегі Демократиялық және Республикалық партия өкілдерімен видеобайланыс арқылы сөйлесті. Онлайн-жиында Донбасс пен шекарадағы Ресей әскерінің көбеюі мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде Украина президентінің ресми сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

Зеленский АҚШ-ты Донбастағы қарулы қақтығысты реттеу мәселесіне араластыру маңыздылығын атап өтті. Киевтің НАТО-мен интеграциясына тоқталған Зеленский үшінші мемлекеттің бұл мәселе бойынша дауыс беруге құқығы жоқ екенін айтты.

Зеленский АҚШ өкілдеріне Ресей әскерінің шекарадан әлі кетпегенін айтты.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі Оңтүстік әскери округ полигонында дала жаттығуларында жүрген 10 мың солдатын қайтаратынын мәлімдеді.

  • АҚШ пен Батыс елдері Ресей Украина аумағына басып кіруге дайындалып жатыр деп болжайды. Америка барлау қызметінің мәліметінше, Украинамен шекарада шамамен 100 мың ресейлік солдат бар.
  • Ресей тарабы мұны жоққа шығарған. Ресей басшысы Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, Мәскеу Киевтің НАТО-мен тым жақындасып кетуінен сескеніп, "қорғаныс позициясына" көшкен.
  • Жуырда Ресей АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік бойынша кепілдік жобасын ұсынған. Мәскеу АҚШ пен НАТО-ның Солтүстікатлантикалық одаққа жаңа елдерді қабылдамай, Совет Одағы құрамында болған елдерде әскери база салмау жөнінде уәдесін алғысы келеді. АҚШ пен НАТО Ресейдің блок әрекетін шектеуге құқығы жоғын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG