Accessibility links

НАТО қаңтарда Ресеймен бірігіп, кеңес отырысын өткізуді ұсынды


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг қаңтардың ортасында Ресеймен бірігіп, кеңес отырысын өткізуді ұсынды. Бұл жөнінде халықаралық ұйымның баспасөз қызметіне сүйенген немістің dpa агенттігі хабарлады. 24 желтоқсанда Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова кездесуге шақыру түскенін растады.

Соңғы рет мұндай форматтағы келіссөз 2019 жылы шілдеде өткен. Неміс агенттігінің жазуынша, одан кейін мұндай талпыныстардың барлығы сәтсіз аяқталған. Қазан айында Ресей одақ жанынан құрылған миссиясы мен НАТО-ның Мәскеудегі ақпараттық бюросының жұмысын тоқтатты. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сол кезде Ресейдің НАТО-мен қарым-қатынасының қалпына келетініне сенбейтінін айтқан.

Қараша айында Ресей президенті Владимир Путин СІМ-нен Батыс елдерінің "қауіпсіздік кепілдігіне" қол жеткізуді талап еткен. 17 желтоқсанда министрлік НАТО-ға талаптарын жариялады: олардың арасында ұйымды шығыс бағытта үлкейтпеу, оған Украинаны қоспау және шекарада әскери жаттығу өткізбеу туралы талаптар да бар.

Столтенберг ұйымды үлкейтпеу туралы талаптардың орындалмайтынын айтқан. Британдық Financial Times басылымы одақ дипломаттарына сүйене отырып, НАТО ресми тұлғаларына бұл тақырыпты Ресеймен талқылау қиынға соғатынын айтқан. Ресей СІМ орынбасары Сергей Рябков алдағы саммитте "қауіпсіздік кепілдігі" мәселесі талқыланбаса, Ресей саммитке қатыспайды деп айтқан.

  • АҚШ пен Батыс елдері Ресей Украина аумағына басып кіруге дайындалып жатыр деп болжайды. Америка барлау қызметінің мәліметінше, Украинамен шекарада шамамен 100 мың ресейлік солдат бар.
  • Ресей тарабы мұны жоққа шығарған. Ресей басшысы Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, Мәскеу Киевтің НАТО-мен тым жақындасып кетуінен сескеніп, "қорғаныс позициясына" көшкен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG