Accessibility links

Қырғызстанда ұсталған экс-депутат өзге саясаткерлерге қарсы куәлік бергенін жоққа шығарды

Бұрынғы парламент депутаты Бақтыбек Калмаматов және оның түрмеде жазған хаты.
Бұрынғы парламент депутаты Бақтыбек Калмаматов және оның түрмеде жазған хаты.

Қамауда отырған Жогорку кеңештің бұрынғы депутаты Бақтыбек Калмаматов өзінің атынан жарияланған "жалған мәлімдемеге" байланысты үндеу жариялады. Оның үндеуін адвокаты Мырза-Айым Камчыбекова таратты.

Саясаткер онда "билікпен келісімге келіп жатыр, Исмаил Исаков, Ахматбек Келдибеков, Өмірбек Текебаев және Жылдызкан Жолдошеваға қарсы куә беріп жатыр" деген мәліметтердің толығымен жалған екенін жеткізген.

Ол сонымен бірге қазір өзінің де абақтыда отырғанын, өзіне қарсы қаралау кампаниясы жүріп жатқанын айтқан.

Парламенттің бұрынғы депутаты Бақтыбек Калмаматовты Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті "Ұлтаралық, діни және аймақтар арасындағы араздықты қоздырды" деген бап бойынша 22 желтоқсанда қамауға алған. Бірінші май аудандық соты оны 9 ақпанға дейін абақтыда қалдырған.

Ол 22 желтоқсанда Сауд Арабиясына екі апталық кіші қажылыққа бара жатқан кезде "Манас" әуежайынан ұсталған.

Билікті сынап жүрген Калмаматов биыл қаңтарда өткен президент сайлауына қатысқан.

28 қарашада өткен парламент сайлауында ол "Азаттық" партиясы атынан үміткерлер тізімінде болды. Бірақ партия бес пайыздық межеден өте алмады.

XS
SM
MD
LG