30 желтоқсанда сенат Жоғарғы сот судьясынан үміткер Нұрсерік Шәріповтың кандидатурасын мақұлдады.
56 жастағы Нұрсерік Шәріпов 2019 жылдан бері Қарағанды облыстық сотының төрағасы болған. Оған дейін яғни, 2017 жылдың маусымынан бастап Жоғарғы сот аппаратына жетекшілік еткен.
2012-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына жетекшілік етті. 2010 жылы Маңғыстау облыстық соты апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған. Оған дейін де әр жылдары заң саласында түрлі қызмет атқарған. 2007 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына төраға болды.
Заң бойынша, Жоғарғы сот төрағасы, судьялары мен сот алқасының төрағасын президент ұсынысы негізінде Сенат тағайындайды. Жоғарғы сот судьяларының санын сот төрағасының ұсынысымен президент анықтайды.