Accessibility links

АҚШ, Еуроодақ, Канада мен Ұлыбритания "Мемориалды" жапқан Ресейді сынады


АҚШ, Еуропа одағы, Канада пен Ұлыбритания Ресей үкіметін "Мемориал" халықаралық құқық қорғау қоғамын жапқаны үшін сынады.

Батыс елдері бірлескен мәлдімдемеде Ресей соттарының "Мемориал" ұйымы жайлы шешімімен үзілді-кесілді келіспейтінін айтқан. Ресей билігі былтыр желтоқсанның аяғында шығарған шешімінде өзге айыптармен бірге "Мемориалға" экстремизм мен терроризмді ақтады деп кінә таққан.

"Мемориалдың" қызметі аса қажет" дейді мәлімдемеде авторлары.

Бұған қоса Батыс елдері Ресейде жөн-жосықсыз қуғын-сүргін күшейіп бара жатқанына назар аударып, Мәскеуді адам құқықтары саласында алған халықаралық міндеттемелерді орындауға үндеген.

Ресей жоғарғы соты бас прокуратураның талабын қанағаттандырып, былтыр 28 желтоқсанда "Мемориал" халықаралық қоғамын жою туралы шешім шығарған. Ертеңіне Мәскеу қалалық соты "Мемориал" құқық қорғау орталығы туралы дәл сондай қаулы қабылдаған. Қоғамдық ұйым шешімге келіспейтіні туралы шағым түсірмек.

Еуропалық адам құқықтары жөніндегі сот Ресей билігінен қоғамдық ұйымды жою туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруды талап еткен. Еуропа сотының бұл талабына ресейлік үкіметтік емес ұйымдардың (арасында "Мемориал" да бар) 2013 жылы "шетел агенттері" туралы заңға байланысты берген шағымы негіз болған. Еуропалық адам құқықтары жөніндегі сот әзірге ол шағым бойынша шешім шығарған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG