Accessibility links

"Нұр Отан" партиясынан сайланған депутат Берік Әбдіғалиұлы үкіметтің отставкасын талап етті


Берік Әбдіғалиұлы
Берік Әбдіғалиұлы

Биліктегі "Нұр Отан" партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы Жаңаөзеннен басталып, Қазақстанның әр түкпірінде өтіп жатқан әлеуметтік наразылыққа қолдау білдіріп, үкіметтен "шұғыл саяси және экономикалық шешімдер" талап етті.

Facebook-тағы парақшасында Әбдіғалиұлы: "Газ бағасының өсуі себеп болғанымын, халықтың наразылығының басты себебі – жаппай қымбатшылық, әсіресе азық-түлік бағасы. Елдің талабы – қымбатшылықты тоқтату, тоқтата алмаса жаппай жалақыны көтеру. Сондықтан газдың бағасын төмендетумен шектелмеу керек. Шұғыл жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық шешімдер қажет! Осы наразылыққа және қымбатшылыққа жол берген үкімет ауысуы керек!" деп жазды.

2021 жылғы 10 қаңтарда пропорционалдық жүйемен өткен сайлауда парламентке үш саяси партия: "Нұр Отан", "Ақ жол" және "Қазақстанның халық партиясы" (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өткен. Берік Әбдіғалиұлы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын партияның тізімінде депутат атанған. Сайлаудың алдында, дауыс беру күні және одан кейін халықаралық және қазақстандық бақылаушылар заң бұзу көп болғанын айтқан. Халықаралық ұйымдар бұл сайлауды демократия талаптарына сай болмады, шынайы бәсеке болмады деп өткір сынаған. Сайлау күні наразылыққа шыққандар ұсталып, тәуелсіз бақылаушылардың процесті бақылауына көп кедергі жасалған.

Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған тұста премьер атанған Асқар Мамин кейін Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгеннен соң да сол орнында қалған.

2 қаңтарда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында тұрғындар газдың екі есе қымбаттауына қарсы шыққан. Наразылықты Қазақстанның өзге өңірлері қолдады. Содан бері Қазақстан қалаларында полиция күзеті күшейіп, белсенділер мен ақпарат құралдарын ұстау жиіледі.

4 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында "оппозиция митингісі өтеді" деген орындарда екі жүзге тарта адам ұсталды. Шерулер де, ұстау да әлі жалғасып жатыр.

«Алып кет!» Нұр-Сұлтанда полиция Маңғыстаудағы шеруге қолдау білдіргендерді ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:21 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG