Accessibility links

Қазақстандағы наразылық – көрші автократияларға белгі

Алматыдағы Республика алаңында тұрған сарбаздар. Бейбіт жиындар мен одан кейін болған қақтығыстар осы жерде өтті. 6 қаңтар 2022 жыл.
Алматыдағы Республика алаңында тұрған сарбаздар. Бейбіт жиындар мен одан кейін болған қақтығыстар осы жерде өтті. 6 қаңтар 2022 жыл.

Постсоветтік елдердің басшылары Қазақстандағы наразылық пен зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) әскери көмек сұрау арқылы режимді сақтап қалу жөніндегі күрестің жаңа парағын ашты.

6 қаңтар күні таңертең Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы қаласына елде бұрын-соңды болмаған наразылық толқыны мен қарулы қақтығысты басу үшін шақырылған Ресей әскерінің ұшақтары келіп қонды.

Олар ҰҚШҰ-дан (Мәскеудің бастамасымен құрылған, Қазақстан мүшесі саналатын әскери одақ) жіберілген "бітімгерлік" күштердің қатарында болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтар күні теледидар арқылы жасаған мәлімдемесінде одаққа мүше елдерден әскери көмек сұраған. Ол наразыларды "шетелде дайындықтан өткен, халықаралық содырлардан құралған банда" деп атап, ел тұтастығына қауіп төніп тұрғанын айтқан.

ҰҚШҰ-дан ресей, беларус, армян, тәжік және қырғыз жауынгерлерінің келуі Қазақстанның авторитар билігін есеңгіретіп, Өзбекстан, Ресей, Беларусь сияқты көрші автократияларды уайымға салған дағдарыстың жаңа парағын ашты.

"Ресей өз одақтастарын қолдауға дайын екенін көріп отырмыз. Бәрі сәтті аяқталса, бұл Ресейдің өңір қауіпсіздігінің басты кепілі ретіндегі рөлін күшейтеді" дейді Мәскеудегі Карнеги орталығының қызметкері Александр Габуев.

Қираған көліктер мен ғимараттар. Көшедегі қарулы жасақ. 5-6 қаңтардағы жағдайдан фотогалерея

Алматыдағы Республика алаңындағы атыс. 6 қаңтар 2022 жыл.
1/16 Алматыдағы Республика алаңындағы атыс. 6 қаңтар 2022 жыл.
Алматы әкімдігі алдында өртенген көлік. 5 қаңтар түс ауа Алматыда тәртіпсіздік күшейіп, белгісіз адамдар тобы қала әкімдігінің ғимараты мен әуежайға басып кірді. Қала әкімдігінің өртке оранғаны көрінетін видеолар тарады. Алматыда ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Тоқаев 6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесі жиынында Алматыдағы шабуылға "террористік топтарды" айыптады. Бірақ ол айтқан "террористік топтардың" 2 қаңтардан бергі наразылыққа шыққандарға қатысы бар екеніне нақты дәлел жоқ. ​
2/16 Алматы әкімдігі алдында өртенген көлік. 5 қаңтар түс ауа Алматыда тәртіпсіздік күшейіп, белгісіз адамдар тобы қала әкімдігінің ғимараты мен әуежайға басып кірді. Қала әкімдігінің өртке оранғаны көрінетін видеолар тарады. Алматыда ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Тоқаев 6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесі жиынында Алматыдағы шабуылға "террористік топтарды" айыптады. Бірақ ол айтқан "террористік топтардың" 2 қаңтардан бергі наразылыққа шыққандарға қатысы бар екеніне нақты дәлел жоқ. ​
Алматы әкімдігінің ішкі көрінісі. Қазақстан президенті "террористік бандиттер" деп атаған адамдардың кім екені белгісіз. Тоқаев оларды бұлай атауға қандай негіз болғанын, олардың қайдан келгенін, неге мұны "агрессия" деп есептейтінін анық айтпады. Кейінгі күндері Қазақстанда қандай да бір террорлық әрекеттер, әскери операция болып жатқаны жайлы ақпарат айтылмаған еді. 5 қаңтар 2022 жыл. 
3/16 Алматы әкімдігінің ішкі көрінісі. Қазақстан президенті "террористік бандиттер" деп атаған адамдардың кім екені белгісіз. Тоқаев оларды бұлай атауға қандай негіз болғанын, олардың қайдан келгенін, неге мұны "агрессия" деп есептейтінін анық айтпады. Кейінгі күндері Қазақстанда қандай да бір террорлық әрекеттер, әскери операция болып жатқаны жайлы ақпарат айтылмаған еді. 5 қаңтар 2022 жыл. 
Алматы әкімдігі 6 қаңтарда да жанып жатты. 
4/16 Алматы әкімдігі 6 қаңтарда да жанып жатты. 
Алматыдағы сауда үйлерінің біразы қираған. 6 қаңтар 2022 жыл. 
5/16 Алматыдағы сауда үйлерінің біразы қираған. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Бірнеше телеарна мен ақпарат құралы орналасқан Республика алаңы маңындағы ғимарат та өртенді. 6 қаңтар 2022 жыл. 
6/16 Бірнеше телеарна мен ақпарат құралы орналасқан Республика алаңы маңындағы ғимарат та өртенді. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Нұр-Сұлтандағы Ақорда маңында күзет күшті. Ел астанасында жағдай бірқалыпты. 6 қаңтар 2022 жыл. 
7/16 Нұр-Сұлтандағы Ақорда маңында күзет күшті. Ел астанасында жағдай бірқалыпты. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Республика алаңындағы әскерилер. 6 қаңтар 2022 жыл.
8/16 Республика алаңындағы әскерилер. 6 қаңтар 2022 жыл.
Алматы әкімдігінің ғимараты отқа оранған сәт. 5 қаңтар 2022 жыл. 
9/16 Алматы әкімдігінің ғимараты отқа оранған сәт. 5 қаңтар 2022 жыл. 
Алматыдағы Республика алаңына жиналған әскерилер. 6 қаңтар 2022 жыл. 
10/16 Алматыдағы Республика алаңына жиналған әскерилер. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Отқа оранған көлік. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл. 
11/16 Отқа оранған көлік. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл. 
Алматыда бүлінген сауда үйлерінің бірі. 
<p>Ішкі істер министрлігі елде қаза тапқан полицейлер мен солдаттардың саны 18-ге жеткенін хабарлады. Ұлттық гвардия мен полицияның 748 қызметкер зардап шеккен. 2298 адам ұсталған.</p>

<p>Министрлік қанша қарапайым адам қаза болғанын айтпады. Бұған дейін Алматы полициясы ондаған адам қаза тапқанын хабарлаған. Қаланың орталық алаңындағы атыс кезінде де қаза болғандар бар.</p>
12/16 Алматыда бүлінген сауда үйлерінің бірі. 

Ішкі істер министрлігі елде қаза тапқан полицейлер мен солдаттардың саны 18-ге жеткенін хабарлады. Ұлттық гвардия мен полицияның 748 қызметкер зардап шеккен. 2298 адам ұсталған.

Министрлік қанша қарапайым адам қаза болғанын айтпады. Бұған дейін Алматы полициясы ондаған адам қаза тапқанын хабарлаған. Қаланың орталық алаңындағы атыс кезінде де қаза болғандар бар.

Алматының орталық алаңында өртенген көлік. 6 қаңтар 2022 жыл.&nbsp;
13/16 Алматының орталық алаңында өртенген көлік. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Ресейлік әскерилер Мәскеу солтүстік шығысындағы Чкалов аэродромынан Қазақстанға ұшуға дайындалып жатыр. Елдегі жағдай қиындаған тұста Қазақстан президенті Тоқаев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған еді . 6 қаңтар 2022 жыл.&nbsp;
14/16 Ресейлік әскерилер Мәскеу солтүстік шығысындағы Чкалов аэродромынан Қазақстанға ұшуға дайындалып жатыр. Елдегі жағдай қиындаған тұста Қазақстан президенті Тоқаев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған еді . 6 қаңтар 2022 жыл. 
Алматыдағы Республика алаңының маңы. 6 қаңтар 2022 жыл.&nbsp;
15/16 Алматыдағы Республика алаңының маңы. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Ресейлік әскерилер мінген ИЛ-76 ұшағы Қазақстанға ұшып шыққан сәт.&nbsp;1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Оған негізінен Ресей үстемдік етеді. 6 қаңтар 2022 жыл.&nbsp;
16/16 Ресейлік әскерилер мінген ИЛ-76 ұшағы Қазақстанға ұшып шыққан сәт. 1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Оған негізінен Ресей үстемдік етеді. 6 қаңтар 2022 жыл. 
Previous slide
Next slide

2 қаңтарда сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттауынан басталған бейбіт наразылық аз уақытта басқа өңірлерге тараған. Наразылар Тоқаев пен елді отыз жыл басқарған, 2019 жылы отставкаға кеткеннен кейін де билігін сақтап қалған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы талаптар айта бастаған.

Қымбатшылық, экономикалық қиындықтар, жемқорлық пен автократиялық режимге қарсы наразылық жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Мыңдаған наразы әкімшілік ғимараттарды, телестудияларды, әуежайлар мен дүкендерді басып алды.

Қазақстан билігінің ҰҚШҰ-дан көмек сұрап, өз әскерін антитеррор операциясы аясында наразылықты басуға қолдануы постсоветтік кеңістіктегі көп мемлекетке жақсы белгі болды. Постсоветтік елдердің көбі Қазақстандағы оқиғаларды өздеріндегі авторитар режимнің мықтылығын тексеретін сынақ деп қабылдады.

Бұл бірінші кезекте Ресейге қатысты: президент Путин 2014 жылы Украинада, 2020 жылы Беларусьте Кремльді қолдайтын билікке қарсы жаппай наразылықтар болғанын ескеріп, Қазақстанға әскери көмек беруге көп ойланбай, бірден келісті.

"Мәскеу Тоқаевтың биліктен кеткенін қаламайды. Керісінше, олар қалай болса да, режимді сақтап қалуға дайын екендерін көрсетіп отыр", дейді Габуев.

КӨРШІ ЕЛДЕРДЕГІ РЕАКЦИЯ

Қазақстанға ҰҚШҰ әскерін жіберу туралы шешімді бірінші болып қазір ұйымға төрағалық етіп отырған Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян хабарлады. Ол Қазақстанға әскер қоғамдық тәртіп қалпына келгенше уақытша жіберіледі, жауынгерлер негізінен стратегиялық нысандарды күзетумен айналысады деп түсіндірді. ҰҚШҰ Мәскеуден десантшылар баратынын мәлімдеді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ортақ келісімі аясында Қазақстанда бара жатқан Ресей сарбаздары. Чкаловский әуежайы, 6 қаңтар 2022 жыл.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ортақ келісімі аясында Қазақстанда бара жатқан Ресей сарбаздары. Чкаловский әуежайы, 6 қаңтар 2022 жыл.

ҰҚШҰ 1999 жылдан бері өзіне мүше мемлекетке бірінші рет әскер жіберіп отыр. Одаққа Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мүше. ҰҚШҰ 2010 жылы Қырғызстанда болған этникалық жанжалға, 2021 жылы Армения мен Әзірбайжан арасында болған қарулы қақтығысқа араласудан бас тартқан.

Қазақстандағы дағдарысқа сыртқы күштер кінәлі екенін дәлелдейтін айғақтар жоқ. Бірақ Қазақстан билігі елге террорлық қауіп төнгенін айтып, дабыл қақты. ҰҚШҰ әскерін кіргізуге осы себептің өзі жеткілікті. "Бұл Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатында маңызды рөл атқаратынын көрсетеді", дейді Габуев.

ҰҚШҰ-дан әскер жіберу туралы мәлімдеме жасалардан бірнеше сағат бұрын Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Шет мемлекеттер Қазақстанның ішкі мәселесіне араласпауы керек" деген еді.

Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен де сөйлескен. 2020 жылы халық наразылығын аяусыз басып-жаншығаннан кейін Лукашенко билігі Ресейдің экономикалық және саяси қолдауына тәуелді болып қалған.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан билігін қолдайтын мәлімдеме жариялап, қазақстандықтардың бар мәселені өздері шеше алатынына сенім білдірді.

Қытай да Қазақстандағы жағдайға алаңдап отырғанын мәлімдеді. Қазақстан – "Бір белдеу – бір жол" жобасы үшін маңызды мемлекет. Кейінгі он жылда аталған жоба аясында елге миллиардтаған доллар инвестиция тартылған. 6 қаңтарда Қытай Халық Республикасы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбин Қазақстандағы оқиғалар елдің ішкі мәселесі екенін, Пекин көрші мемлекеттегі жағдай тезірек тұрақталады деп үміттенетінін жеткізді.

2015 жылғы 3 қыркүйек. Солдан оңға қарай: Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе, Ресей президенті Владимир Путин, Қытай президенті Си Цзиньпин. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толғанда өткен әскери парад. Пекин, Қытай.
2015 жылғы 3 қыркүйек. Солдан оңға қарай: Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе, Ресей президенті Владимир Путин, Қытай президенті Си Цзиньпин. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толғанда өткен әскери парад. Пекин, Қытай.


Қытайдағы мемлекеттік Global Times газетінің бұрынғы бас редакторы Ху Сидзинь Twitter парақшасына Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік "түрлі-түсті революцияға" ұқсайтынын жазып, елдегі жағдайды 2003 жылы Грузияда, 2005 жылы Украинада Кремльді қолдайтын режимге қарсы болған наразылықтармен салыстырды. Ол Ресей мен Қытай жағдайды тұрақтандыруға қатысып, Тоқаев айтқан "сыртқы жауға" тойтарыс береді деп сенеді. "Ресей мен Қытай [АҚШ] пен батыс елдеріне Қазақстанда ұзақмерзімді тәртіпсіздік орнатуға мүмкіндік бермейді" деді Ху Сидзинь. ​

ЖАҢА ДӘУІР

Қазақстандағы бейберекетсіздіктің артуы өңір болашағына әсер етпей қоймайды. Тоқаев басында демонстранттардың айтқанын орындауға тырысып, жанармай бағасына мемлекеттік бақылау орнатып, Назарбаевты қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінен алып тастады. Одан бөлек, үкіметті отставкаға жіберіп, бірқатар лауазымды орынға жаңа адамдарды тағайындап, тіпті, Назарбаевтың немере інісін де қызметінен босатты.

Бірақ бұл шаралар ондаған жыл бойы биліктің экономикалық және саяси бағытына наразы болып келген халықты баса алмады. Сондықтан президенттің басқа амалы қалмай, күш қолданып, ҰҚШҰ-дан әскер шақыруға мәжбүр болды.

Назарбаевтың 30 жылға созылған билігі тұсында оның достары, туыстары мен "Нұр Отан" партиясы елдің саяси сахнасы мен медиасын түгел бақылауына алды. Бұрын билік халық наразылығын басу үшін болмашы реформа жүргізіп, үкіметте бір-екі адамның орнын ауыстыруға талпынып көрген. 2019 жылы Назарбаев президент қызметінен кетті, бірақ "ұлт көшбасшысы" ретінде ресми және бейресми билігін сақтап қалды.

2019 жылғы 16 мамыр. Қазақстан президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана экономикалық форумында". Нұр-Сұлтан
2019 жылғы 16 мамыр. Қазақстан президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана экономикалық форумында". Нұр-Сұлтан

Ол өз орнына президент етіп Тоқаевты қалдырды. Тоқаев билікті қолына алған бойда бұрынғы президенттің құрметіне Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертті. "Қазақстан режимді өзгертпей-ақ, көшбасшыларды ауыстыра беруге болатынын көрсетті", – дейді Глазго университетінің еуразиялық зерттеулер профессоры Лука Анчески.

Қазақстанның саяси сахнасы белгілі оппозициялық қайраткерлерден қызғыштай қорылды. Бұл наразылық бағытын айқындап, реформа жүргізу үшін бірігу мүмкіндігін азайтты. "Наразылардың көшбасшысы, ұйымдасқан оппозициясы жоқ. Демек режим тағы да аяққа тұрып кетуі мүмкін", дейді АҚШ қорғаныс университетінің оқытушысы Эрика Марат.

Көрші мемлекеттер бұл процесті жіті бақылауында ұстайды.

"ҰҚШҰ елдің ішкі мәселелерін шешпейді, оның экономикалық не саяси жағдайын жақсартпайды. Олар авторитаризмді күшейтеді. Ал бұл болашақта тағы да наразылық толқынын туғызады", дейді Марат.

Айдар
XS
SM
MD
LG