Accessibility links

Түркімен президенті интернетке бақылауды күшейтуді тапсырды


Гурбангулы Бердімұхамедов.
Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қауіпсіздік кеңесінің 12 қаңтардағы отырысында өлкенің Ұлттық қауіпсіздік министрлігін аймақтағы қазіргі қауіпсіздік жағдайына сараптама жүргізіп, елге қаншалықты қауіп барын анықтауға шақырды.

"Былтыр елде интернетті бақылау тиісті деңгейде атқарылған жоқ", - деді президент.

Бердімұхамедов Ұлттық қауіпсіздік министрлігін қоғамдық пікірге қайшы келетін, сонымен бірге терроризм, экстремизм, ұлтшылдық және басқа да заңсыз әрекеттерді насихаттайтын интернет бұлақтарын анықтауға шақырды.

Түркіменстанда көптеген жылдардан бері Facebook, Twitter және YouTube сияқты әлеуметтік желілер мен тәуелсіз ақпарат құралдарының сайттары бұғатталған.

Бердімұхамедов жиын барысында сыртқа шығып жатқан түркімен азаматтарының экстремистік, діни радикалды топтардың ықпалына түсіп қалмауын бақылауды талап еткен.

Мемлекет басшысы бұдан бөлек бақылау органдарына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, экономикалық қылмыстар мен жемқорлыққа қарсы күресуде, азық-түлік бағаларының айырмашылығына анализ жүргізуді тапсырған.

Түркіменстан президентінің бұл мәлімдемесі Қазақстанда болған соңғы оқиғалардың аясында жасалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG