Accessibility links

Алматы полициясы: Тәртіпсіздіктен кейін 7 адам із-түзсіз жоғалған

Алматыда тәртіпсіздік кезінде өртенген қала әкімдігі мен бүлінген ғимаратқа қарап тұрған тұрғындар.
Алматыда тәртіпсіздік кезінде өртенген қала әкімдігі мен бүлінген ғимаратқа қарап тұрған тұрғындар.

Алматы полиция департаменті тәртіпсіздіктен кейін 22 адамның із-түзсіз жоғалып, 15-і табылғанын хабарлады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 4 қаңтардан бері полицияға 22 адамның жоғалғаны туралы арыз-шағымдар түскен, 15-і табылған.

"Қалған 7 адам іздестіріліп жатыр. Барлық жағдай бойынша іздеу істері ашылған, жедел іздеу шаралары жүріп жатыр" делінген полицияның жұма күнгі хабарламасында.

Дегенмен полиция хабарламасында 15 адамның қандай күйде табылғаны жазылмаған.

Қаңтар басындағы наразылық пен тәртіпсіздіктен бері он күннен астам уақыт өтсе де, билік қаза болған азаматтардың санын жарияламады. Бұған дейін үкімет ел бойынша 164 адамның опат болғанын хабарлағанмен ақпаратты кейін жоққа шығарған. Елде із-түзсіз жоғалған азаматтар да көп. Белсенділер олардың тізімін жасауға кіріскен.

Бұған дейін халықаралық Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан билігін наразылық құрбандарының санын жариялауды, бейбіт шеруге шыққаны үшін ғана істі болған азаматтарды қудаламауды, оларды дереу босатуға шақырған. БҰҰ Қазақстан билігінің демонстранттарға оқ атуын тәуелсіз зерттеуге үндеген.

Қазақстан билігі әзірге халықаралық ұйымдардың мәлімдемелеріне реакция білдірмеді.

XS
SM
MD
LG