Accessibility links

Қырғыз кеден қызметінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды


Әділет Кубанычбеков.
Әділет Кубанычбеков.

Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы 17 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, "кеден қызметі органдарындағы жемқорлық туралы мәлімет түскен, оған қызмет жетекшілері мен бөлім басшыларының қатысы бар".

Комитеттің хабарлауынша, кеден қызметі басшылары тауар импорттайтын жекеменшік компаниялардың мүдделерін көздеп, оларға жеңілдік жасаған, оның орнына пара алған.

17 қаңтарда "жемқорлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков уақытша тергеу изоляторына қамалды.

40 жастағы кәсіпкер Әділет Кубанычбеков Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы қызметіне 2021 жылғы 26 қазанда тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG