Accessibility links

"Орталық Азияның энергожүйесіндегі ақаудан кейін" бірқатар аймақтарға қайтадан жарық беріле бастады


Қазақстандағы электр желілеріне жауапты KEGOC компаниясы түстен кейін елдің оңтүстік өңіріне жарық қайта беріле бастағанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, 25 қаңтарда шамамен үштер шамасында Алматы мен Алматы облыстарында барлық шектеулер алынған.

Компания бір мезетте Қырғызстан мен Өзбекстанның энергожүйесімен де "сәйкестікті" қалпына келтіріп жатқанын хабарлады.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, жарықтың сөнуіне Орталық Азияның энергия жүйесіндегі ірі ақау себеп болған.

Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік өңірінде атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент, Талдықорған қалаларында жарықтың өшкені хабарланды. "Самұрық-Энерго" компаниясы 25 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12 шамасында елдің оңтүстік пен солтүстік бөлігінің энергия жүйесін байланыстыратын жоғары вольтты линиялар апатқа байланысты істен шыққанын айтты.

Электр энергиясы Қазақстанның бірқатар өңірімен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанның кейбір аймақтарында болмай қалған. Өзбекстан энергетика министрлігі ақауды Қазақстанның электр желілеріндегі ірі апатпен байланыстырды.

Ал Қазақстан өз кезегінде жарықтың сөнуін Орталық Азияның екі еліндегі ақаудан көрді.

Сарапшылар Орталық Азияның энергетика инфрақұрылымының әбден тозғандығын ала тартады. Аймақта электр станцияларының барлығы-дерлік Совет одағы тұсында салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG