Accessibility links

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі және бас санитар дәрігер қызметінен босатылды


Ерлан Қиясов.
Ерлан Қиясов.

Ерлан Қиясов үкімет қаулысымен денсаулық сақтау вице-министрі және мемлекеттік бас санитар дәрігер қызметінен босатылды. Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Қиясов жоғарыда аталған қызметтерге 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған. Оған дейін "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны төрағасының орынбасары болған. Ол коронавирус індеті ушыққан кезде денсаулық сақтау саласындағы лауазымды қызметтерді атқарды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі де ауысқан. Елде індет кезінде денсаулық сақтау саласының бірқатар басшылары жемқорлық бойынша ұсталып, күдікке ілінді. 26 қаңтарда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG