Ресей коронавируспен ауырғандардың айналасында болған адамдарды симптомы болмаса жеті күндік карантинге жібермейді. Бұл ереже бүгін, 6 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар, коронавируспен ауырғанына жеті күннен асқан адамдарды карантин есебінен шығару үшін ПТР тест нәтижесін сұрамайды. Бұл жөнінде Роспотребнадзор басшысы Анна Попова "Россия 1" телеарнасында айтты.
Оның сөзінше, "омикрон өте жылдам жұғады" және көбіне симптомсыз өтіп кетеді.
5 ақпандағы мәліметке қарағанда, Ресейде өткен тәулікте 18 мыңнан астам пациен коронавируспен ауруханаға түскен.
Өткен тәулікте Қазақстанда 4826 адам коронавирус жұқтырған, ресми мәлімет бұл көрсеткіштің біртіндеп азайып келе жатқанын айтады.
АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда, әлемде коронавируспен ауырып, тіркелген адам 390 миллионнан асқан. Індет пайда болғалы 6 миллионға жуық адам өлген.
ПІКІРЛЕР