Accessibility links

Зейнеткер Нұр-Сұлтан атауын өзгертуді талап етіп, пикетке шықты


Астаналық зейнеткер Ибрагим Қозыбаев, қала атауын өзгертуді талап етіп тұр. Нұр-Сұлтан, 7 ақпан, 2022
Астаналық зейнеткер Ибрагим Қозыбаев, қала атауын өзгертуді талап етіп тұр. Нұр-Сұлтан, 7 ақпан, 2022

Дүйсенбі, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанда сексен жастағы Ибрагим Қозыбаев қала атауын өзгертуді талап етіп, парламент маңына пикетке шықты.

Зейнеткердің айтуынша, "тарихи жағынан Қазақстан астанасы атауы әу баста Ақмола болған және солай қалуы тиіс".

- Тарихты бұрмалауға болмайды. Мен Нұр-Сұлтанды Ақмола деп атауды талап етемін. Қағаз жүзінде емес, шынайы өзгеріс керек, -дейді ол.

Зейнеткер Қазақстан сотындағы әділетсіздікті де сөз етті.

Қозыбаев пикетке шығатыны туралы ешқайда хабарламағанын, бәрібір "рұқсат жоқ" деген жауап алатынын айтады. Пикетке шыққан жұрт көрсін деп бірнеше сағат тұруды көздеген.

Қария плакатын жайысымен Ақорда маңын қарауылдайтын арнайы жасақ келді. Ибрагим Қозыбаев плакатын жинап, кетуге мәжбүр болды.

Қазіргі Нұр-Сұлтанның бұрынғы атауы - 1961 жылға дейін Ақмола аталған. 1962 жылы Целиноград болып өзгерген. Қазақстан орталығы Ақмола қаласына көшірілгеннен кейін 1998 жылы Астана болған.

2019 жылы 19 наурызда Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кетіп, орнына сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев келген соң қала атын Нұр-Сұлтан деп өзгерткен. Биыл қаңтар оқиғаларынан кейін қаладан Нұр-Сұлтан деген атауды алып тастау жөнінде түрлі бастамалар айтыла бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG