Accessibility links

Бір миллионнан астам қырғыз азаматы нәпақа табу үшін шетелге кеткен, 30 мыңы Қазақстанда жұмыс істеп жатыр


Қырғыз мигранттары.
Қырғыз мигранттары.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, шетелде 1 млн 118 мың қырғыз азаматы жұмыс істеп жатыр.

Қырғызстан еңбек, әлеуметтік қамтамасыз ету және көші-қон министрлігіне қарасты азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыру орталығының директоры Қуандық Акматбеков Азаттықтың Қырғыз қызметіне осындай мәлімет айтты.

"Ресейде – 1 млн 63 мың, Қазақстанда – шамамен 30 мың, Түркияда – 20 мың, АҚШ пен Араб елдерінде – 10 мың, Германия, Канада және Италияда – 6 мың, Оңтүстік Кореяда – Қырғызстаннан барған 5 мыңнан астам еңбек мигранты жұмыс істеп жатыр. Бұған қоса, 76 мың қырғыз азаматы "қара тізімге" енгендіктен Ресейге бара алмай жатыр" деді Акматбеков.

Министрлік жанынан азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыру орталығының құрылғаны биыл қаңтар айында хабарланды. "Мұндай шешім еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталғаны" айтылды.

Ақпан айының басында министрлер кабинетінде азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыру жүйесін жетілдіру қажеттігі айтылды. Сол кезде министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов "алдағы жылдары да жұмыс күші көп болады" деп мәлімдеп, министрлер кабинеті "қырғыздарды шетелге жұмысқа орналастыруға белсене кіріседі" деп айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG