Accessibility links

Мемлекеттік "Хабар" телеарнасының басшысы қызметінен кетті


Ерлан Бекхожин.
Ерлан Бекхожин.

Мемлекеттік "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекқожин қызметінен кетті. 11 ақпанда "Хабар" агенттігі оның "еңбек келісім-шарты мерзімінің аяқталуына байланысты" қызметінен кеткенін хабарлады.

"Хабар" агенттігі акционерлік қоғамында ол 2019 жылдан бері істеді. Қазір басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Ол "Хабар" агенттігі АҚ-тың басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған" деп жазылған агенттіктің жұма күнгі хабарламасында.

Ерлан Бекхожин ресми БАҚ-та ұзақ жыл қызмет атқарған. "Хабар" агенттігі басшылығына келгенге дейін ол президент телерадиокешенінің бас директоры болған. Оған дейін "Литер", "Айқын" сияқты ресми басылымдардың баспашысы болды.

Медиа сарапшылар мемлекеттік БАҚ-ты елдегі шынайы жағдайды көрсетпейді, халыққа маңызды мәселелерді қозғамайды деп жиі сынайды. Қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік арналар көбіне ресми орындардың ақпаратын біржақты таратты. Қоғамда мемлекеттік БАҚ ұсталғандардың азапталуы, бейбіт азаматтардың қаза болуы сияқты мәселелерді қозғамады деп сынайтындар бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG