БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Киевтің келісімімен санкция берсе, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ОДКБ) бітімгерлерін Донбасқа орналастыруға болады. Бұл сөзді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Сатанислав Зась сенбі күні Reuters агенттігіне берген сұқбатында айтқан.
Оның "Гипотетикалық тұрғыдан алғанда мүмкіндік бар. Ол үшін Украинаның келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мандаты және ұжымдық шартқа мүше мемлекеттердің мақұлдауы керек,-деген сөзін ТАСС жариялады.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы "Украина ішіндегі конфликт тек қана дипломатиялық жолдармен реттеледі, алайда қазір жағдай қауіпті болып барады" деді.
Биыл Қаңтар көтерілісі кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстанға әскер жіберген еді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда дүрбелең күшейген тұста ҰҚШҰ-дан көмек сұраған. Ол Алматыдағы жағдайды "террорист бандалардың ісі" деді. Әлеуметтік желіде Тоқаевтың бұл шешімі сынға ұшырады. Сарапшылар "ҰҚШҚ күштері құрылғалы алғаш рет қолданылды" деді.
1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Оған Ресей үстемдік етеді.
ПІКІРЛЕР