Accessibility links

Қытай сыртқы істер министрлігі: Тайвань – Украина емес


Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин.
Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин.

Қытай сыртқы істер министрі 23 ақпанда Тайвань – Украина емес, ол үнемі Қытайдың құрамында болған деп мәлімдеді. Оның алдында Тайвань президенті Цай Инвень Шығыс Еуропада территориялық дау ушыққан шақта сақтықты күшейтуге үндеген.

Ал оған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон егер Батыс елдері Украинаның тәуелсіздігін қолдау туралы уәдесін орындай алмаса, оның ғаламдық салдары болуы мүмкін деп ескертіп, Тайвань жағдайын мысалға алған.

Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Украина мен Тайвань арасында еш ұқсастық жоғын алға тартты.

"Тайвань - Украина емес. Тайвань ылғи Қытайдың ажырамас бөлігі болған. Бұл даусыз заңды және тарихи факт" деді ол.

Қытай АҚШ одақтасы Тайваньды жеке мемлекет емес, Қытай құрамындағы провинция деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG