Accessibility links

Ресей Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзгенін хабарлады.

Зеленский сонымен бірге Ресей азаматтарын наразылыққа шығуға үндеді.

"Ар-ұжданын сақтап қалған азаматтарға айтарым: соғысқа қарсы шығатын мезгіл жетті. Украинамен соғысуға қарсы" деді Зеленский.

Ол сонымен бірге Украинаның барлық азаматтарына "жерді қорғау үшін" қару беруге дайын екенін жеткізді.

Зеленскийдің сөзіне қарағанда, қазір Украина Қарулы күштері "нағыз ауыр соғысты бастан кешіріп жатыр".

22 ақпанда Владимир Зеленский Украина сыртқы істер министрлігінен Ресеймен дипломатиялық қатынасты доғару туралы ұсыныс келіп түскенін хабарлап, қарастыруға уәде берген. Оның алдында Ресей президенті Владимир Путин "Луганск халық республикасы" және "Донецк халық республикасының" тәуелсіздігін мойындаған.

24 ақпанда таңертең Ресей Украина аймағында әскери операция бастады. Осыған дейін Владимир Путин ДХР мен ЛХР өтінішінен кейін Донбаста арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG