Accessibility links

Министр Жаңаөзендегі жұмысшылардың талабы туралы: Біз ешкімді жалақы өсір деп міндеттей алмаймыз


Жаңаөзендегі FTC WIN компаниясының жұмысшылары ереуілдетіп тұр. Маңғыстау облысы, 14 ақпан, 2022 жыл (видеодан скриншот).
Жаңаөзендегі FTC WIN компаниясының жұмысшылары ереуілдетіп тұр. Маңғыстау облысы, 14 ақпан, 2022 жыл (видеодан скриншот).

2 наурызда Азаттық тілшісінің Жаңаөзендегі жұмысшылардың талаптары туралы сұрағына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов "жалақы өсіру мәселесі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынас" деді.

"Мұнайшылардың көтеріп жатқан мәселесін біз білеміз. Министрлік өз тарабынан осы мәселелердің бәрін қадағалап, қарап отыр. Бірақ тағы қайталап айтайын: біз ешкімді жалақы өсір деп міндеттей алмаймыз. Бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында келіссөз арқылы шешілетін мәселе. Мониторинг жүргіземіз. Заң жүзінде көмектесеміз" деді министр.

Оның айтуынша, тараптардың бірі қандай да бір заңсыздық жасаса, Еңбек кодексіне сәйкес қажетті нормалар бойынша түсіндірме жүргізіледі. Ол Жаңаөзендегі "Бұрғылау" мекемесі жұмысшыларының ереуіл мысалға келтіріп, жуырда сот ереуілді заңсыз деп таныды деді.

Ақпан басталғалы Маңғыстау өңірінде он шақты мекеме жұмысшылары Қазақстан президентіне видео үндеу жасап, жалақының аздығына шағымданған. Олардың басым бөлігі Жаңаөзенде тұрады. Жұмысшылар жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартпайынша жұмысқа шығудан бас тартқан.

Қарай отырыңыз: Мұнайлы Маңғыстаудағы жұмыссыз бен жұмысшының мұңы (25 ақпан 2022 жыл).

Мұнайлы Маңғыстаудағы жұмыссыз бен жұмысшы мұңы
please wait

No media source currently available

0:00 0:13:00 0:00

Бұған дейін еңбек қауіпсіздігін сақтап, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп ереуілге шыққан Жаңаөзендегі "Бұрғылау" мекемесінің жұмысшылары қысымға шағымданған еді. Наразы мұнайшылар әбден ескірген ауыр арнайы техникалардың өндіріс басында жиі істен шығып, өмірлеріне жиі қауіп төндіргенін айтқан. 17 ақпанда Жаңаөзен соты ереуілді заңсыз деп таныған. Ақпан айында басталған ереуіл әлі басылған жоқ. Осыған дейін мекеме басшылығы ресми сайтында ереуілге қатысты хабарлама жариялап, техникалардың үнемі жаңартылатынын, жұмысшылардың миллион теңгеге дейін жалақы алатынын айтқан. Олар мекемені "Қазмұнайгаз" құрамына енгізу және басқа да жұмысшылар талабының орындалмайтыны туралы айтқан. Бірақ мұнайшылар бұл жауаппен мүлде келіспейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG