Accessibility links

Украинадан кеткен Шыңжаң қазағы Еуроодақ аумағына өтті


Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлы.
Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлы.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң өлкесінен қашып, Еуроодаққа ұмтылған, былтыр бірнеше ай Украинадағы көші-қон орталықта қамауда болған Қытай қазағы Ерсін Еркінұлы украин-поляк шекарасын кесіп өтті, ол Батыс елдерінің біріне барады.

Қытай азаматы 4 наурызда Азаттыққа негізінен әйелдер мен балаларды құрайтын мыңдаған босқынмен бірге Украина шекарасынан кесіп өткенін айтты.

Оның айтуынша, Украинадан Польшаға өткен адамдар арасында шетел азаматы көп. Поляк жағы келгендерді түрлі орындарға, оның ішінде сауда орталықтарына орналастырып жатыр. Оларды азық-түлікпен, киіммен өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етіп жатыр.

Украин шекарашалары Еркінұлын 2020 жылы қазанда Польша шекарасын құжатсыз кесіп өтпек болған кезде ұстаған. Сол жылы желтоқсанда елдің батысындағы Львов қаласының апелляциялық соты оны Қытайға депортациялау туралы төменгі сот инстанциясы шығарған шешімнің күшін жойған.

2021 жылы тамызда Словакия шекарашылары оны Украина-Словакия шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінен ұстап, қайта Украинаға жіберген. Одан кейін Львовтағы көші-қон орталығына орналастырылған.

Қытайлық төлқұжатын жоғалтып алғанын мәлімдеген Еркінұлы өзін Қытайға депортацияласа, түрмеге қамап, азаптайтынын айтқан. Ақыры украин билігі оған елде қалуға рұқсат берген.

Кейінгі жылдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын ұйғыр, қазақ және өзге де байырғы ұлт өкілдері (негізінен мұсылмандар) биліктің қысымы мен қудалауы күшейгенін айтып, кейбірі өзге елдерге қашты.

БҰҰ, АҚШ пен өзге де батыс елдері Қытай билігі арнайы "лагерьлерде" миллионға жуық аз ұлт өкілдерін мәжбүрлеп, еркінен тыс ұстап отыр деп мәлімдеген.

Пекин ондай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып, лагерьлерді "экстремизммен күресетін орталықтар" және "кәсіп үйрететін" мекемелер деп атаған.

Қазақтар Шыңжаңды байырғы кезден мекендейтін түркітілдес ұлттар арасында саны жағынан ұйғырлардан кейін екінші орында тұр. Сонымен бірге аймақта қырғыз, тәжік, дүнген және өзге де мұсылмандар тұрады.

Қарай отырыңыз: Қытай қазағы Ерсін Еркінұлы Украинадан "батыс елдеріне кетті"

Қытай қазағы Ерсін Еркінұлы Украинадан "батыс елдеріне кетті"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:46 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG