Дүйсенбі күні әлем биржаларында шикізат бағасы күрт қымбаттады. Басты себеп – Ресей қарулы күштерінің Украинаға басқыншылығы. Осыдан кейін Батыстың Ресейге салған қатаң санкциялары да әсер етіп жатыр.
Еуропада газ бағасы текше метріне 3 мың доллардан асты. Бұл – тарихи рекорд. Газ бағасы да бір жарым есе қымбаттаған.
Мұнай бағасы да өсіп, Brent баррелінің бағасы 130 долларға жетті. Бұл - ткейінгі жылдардағы ең қымбат баға. АҚШ-тың Ресей шикізатынан бас тарту мәселесін талқылап жатқаны да бағаға әсер етіп отыр.
Алюминий, мыс пен палладий құны тарихи максимумға жетті. Бұл металдарды негізгі экспорттаушылардың бірі - Ресей. Астық бағасы да қымбаттағаны байқалған. Ресей агрессиясына ұшыраған Украина негізгі астық өндіруші елдердің бірі.
Доллардың бүгінгі бағамы: 1 доллар 516 теңге
ПІКІРЛЕР