Украина-Ресей соғысы, Батырбаевтың халі, президенттің "реформасы"
Абақтыда арқасына үтік басылып, азап көрген жігіттің денсаулығын тексергендер "жарақаты жеңіл" деген. Бірақ туыстарының сөзінше бұны "азаптаушыларды ауыр жазадан құтқарып жіберудің әрекеті"; Президент Тоқаевтың жолдауындағы "өзінен бастаған өзгерісін" кейбір сарапшы "көзалдау" деп есептейді; Украина-Ресей соғысына 22 күн болды. Тұрғын үйлер атқыланып, тұрғындар жасырынып отырған орындарға бомба түсіп жатыр.