Accessibility links

Беларусь дипломаттары "қоқан-лоққы жасады" деген желеумен Украинадан шығып кетті


Беларусьтің Украинадағы елшісі Игорь Сокол (сол жақта)
Беларусьтің Украинадағы елшісі Игорь Сокол (сол жақта)

Беларусьтің Украинадағы елшісі Игорь Сокол елшілік қызметкерлері толығымен эвакуацияланғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Беларусьтің мемлекеттік БелТА агенттігіне сілтеп, "Европейская правда" хабарлады.

Елші эвакуация себебін "жұмыс істеуге қолайсыз жағдай туғандығымен" байланыстырды. Оның сөзінше, елшіліктің қаржы шоттары құлыпталған, елшілік қызметкерлерінің жұмыс жағдайы адам төзгісіз халге жеткен, оларға қоқан-лоққы жасалған".

Дипломаттар Украинадан Молдоваға өткен. Беларусь елшісінің сөзінше, оларды бірнеше сағат бойы шекарада кідірткен, шекарадан өтерде заттары мен көліктерін тексерген.

Украина шекарашылары мемлекеттік шекара қызметінің бастығы Сергей Дейнеко атынан Беларусь мемлекеттік шекара қызметінің бастығы Анатолий Лаппоға Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдағаны үшін 30 мәнет сәлемдеме жібермекші болған. Елші сәлемдемені алудын бас тартқан.

Ресей дипломаттары Украинаға агрессия басталардан бір күн бұрын, 23 ақпанда Украинадан кетіп қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG