Accessibility links

Украина Ресейдің "Мариупольден әскерилеріңді шығарыңдар" деген ультиматумына жауап берді


Украинаның ДХР жікшіл аймағынан келген ресейшіл әскерилер Мариуполь қаласында жүр. 20 наурыз 2022 жыл.
Украинаның ДХР жікшіл аймағынан келген ресейшіл әскерилер Мариуполь қаласында жүр. 20 наурыз 2022 жыл.

Украина билігі Ресейдің "Мариуполь қаласындағы әскерилеріңді алып кетіңдер" деген ультиматумын орындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Украина вице-премьері Ирина Верещук "Украинская правда" басылымында мәлімдеді.

"Қару тастап, берілу туралы сөз болмайды. Біз бұл туралы ресейлік тарапқа айттық" деді ол.

Киев бұл ұстанымын БҰҰ мен Халықаралық Қызыл крест комитетіне де айтқан.

20 наурызда Ресей Мариупольді қорғап жатқан украиналық әскерилер мен шетелдік жалдамалыларға "21 наурыз 10.00-12.00 арасында гуманитарлық дәліз арқылы қарусыз қаладан шығып кетіңдер" деген еді.

Мариуполь мэрі Петр Андрющенко Ресейдің ультиматумынан соң ВВС-ге "бір солдатымыз қалғанша күресеміз" деді.

Бұдан бөлек, қала мэрі ресейліктер гуманитарлық дәліз ашқан болып, Мариуполь тұрғындарын Ресейге күштеп эвакуациялап жатыр деп те айтты.

Украина тарабы ресейлік әскерилерден гуманитарлық коридор ашып, бейбіт тұрғындарды Запорожьеге әкетуге мүмкіндік беруді талап етеді.

Мариуполь қаласы қазір Ресей әскерінің толық қоршауында қалған. Демалыс күндері Ресей әскерінің қалаға кіргені хабарланды. Қала билігі соғыс басталғалы Мариупольде екі мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болды дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG