Accessibility links

Журналистер Ресейдің санкция салынған активтерінің дерекқорын жинай бастады


OCCRP графикасы
OCCRP графикасы

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) "Санкция салынған активтер трекері" жобасын ашты. Онда санкция салынған Ресей олигархтары, шенеуніктері мен пропагандашыларының және олардың туыстарының дүние-мүлкі тізімге алынады.

Қазірге дейін журналистер құны 17 миллиард доллар болатын 145 актив бойынша ақпарат жинады. Зерттеу барысында журналистер бұрын жарияланбаған жиырмаға жуық жаңа мүліктің дерегін жарыққа шығарды.

Олардың арасында ресейлік олигархтарға, бұрынғы және қазіргі жоғары лауазымды тұлғаларға тиесілі вилла, яхта, коммерциялық жылжымайтын мүлік және басқа заттар бар. Қымбат дүние-мүлік Ресейге санкция салған Еуропа елдері мен АҚШ-тан көп шыққан.

  • Санкцияға іліккен дүние-мүлік арасында Италияның Тоскана аймағындағы Ресейдің бұрынғы вице-премьері Игорь Шуваловтың ұлына тиесілі вилла мен жер телімі бар. Евгений Шувалов 24 жасында осындай мүлікке қол жеткізген.
  • "Транснефть" компаниясының басшысы Николай Токаревтің қызы Майя Болотованың Хорватиядағы үйі. Оның бағасы – 670 мың доллар.
  • Сардиниядағы үш вилла, Пафос аралындағы 650 мың доллар тұратын вилла және Люксембургтегі коммерциялық жылжымайтын мүлік. OCCRP дерегі бойынша, мұның барлығы бизнесмен Олег Дерипаскаға тиесілі.
  • Лондондағы 30,8 млн доллар тұратын зәулім үй USM холдингінің иесі Әлішер Усмановтың немере інісі Сарвар Исмаиловқа тиесілі. Оның туыстарына жазылған басқа да мүлік бар.
  • Роман Абрамовичтің бұрын жарияланбаған активтері, мәселен Британ Виргин аралдарындағы бірнеше компаниясы. Абрамовичтің бұрынғы әйелі Ирина төрт баласымен бірге Еуропадағы бес үйге иелік етеді. Абрамовичтің қызы 25 жасында Австриядағы Фушль көлінің жағасындағы үйдің қожайыны атанған.

Журналистердің айтуынша, дерекқор әлі де толықтырылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG