Accessibility links

Петропавлда апат болған жылу электр орталығының директоры мен бас инженері ұсталды


Петропавлдағы жылу электр орталығы. 2020 жылғы сурет.
Петропавлдағы жылу электр орталығы. 2020 жылғы сурет.

Петропавлдағы жылу электр орталығының директоры мен бас инженері ұсталып, олардың үстінен "қызметіне салғырт қарау" бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлады.

20 наурызда жылу орталығының түтін шығаратын мұнарасы құлаған еді. Прокуратура жылу орталығы жұмысын бақылайтын инстанцияның да жұмысын тексермек.

Жылу орталығындағы оқиғадан соң жоғалып кеткен 38 жастағы жұмысшы әйелдің мәйіті 22 наурызда табылғаны хабарланды.

Петропавлдағы ЖЭО басқаратын "Орталық Азия электроэнергия корпорациясының" басшысы Александр Клебанов петропавлдықтардан кешірім сұрады. Оның сөзінше, техникалық құжаттарда түтін мұнарасының жағдайы жақсы деп бағаланған.

"Апатқа түрлі факторлар себеп болуы мүмкін. Себебін ашық айтамыз" деген ол.

  • 58 жастағы Клебанов - Қазақстандағы ықпалды бизнесмендердің қатарында. Forbes журналы 2020 жылы оның байлығын 374 млрд доллар деп бағалаған. Клебанов "Орталық Азия электроэнергия корпорациясының" басшыларының бірі. Бұл корпорация "Севказэнерго", "Павлодарэнерго", "Астанаэнергосбыт", "АРЭК" компанияларын бақылайды.
  • Клебанова - Назарбаев әулетіне жақын кәсіпкерлердің бірі. 2018 жылы ол "Қазақтелеком" компаниясының 25 пайыз пакетін Люксембургте тіркелген Skyline Investment Company S.A. компаниясына сатқан. Кейін Skyline Investment Company S.A. компаниясы Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі екені белгілі болған. Жақында Сатыбалдыұлы "қызметін асыра пайдаланып, "Қазақтелеком" компаниясынан аса ірі көлемде ақша жымқырды" деген айыппен екі айға қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG