Accessibility links

Министр студенттерді Тоқаевты қолдау митингісіне мәжбүрлеп апарғаны жөнінде ақпаратқа түсініктеме берді


Журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 30 наурыз 2022 жыл.
Журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 30 наурыз 2022 жыл.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда Тоқаевты қолдау митингісіне студенттерді күштеп апарды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, ведомствоға бұл бойынша ешқандай шағым түспеген. "Бізге ондай ақпарат түскен жоқ" деді ол.

"Бізге студент нақты айтуы керек: міне, мынадай оқу орнындағы мынадай мұғалім бізді күштеп апарды, біздің бостандықтарымызды таптады десе, онда әрине, шара қолданамыз" деді Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген министр.

Бұған дейін "сайтымыз студенттер шағымы бойынша сауал жолдағанда, ведомство тексеріс жүріп жатыр деп айтқан. Сонда сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлердің әрекетінен хабарыңыз жоқ па?" деген Orda.kz тілшісінің сұрағына министр "бізге студенттерден ресми шағым түскен жоқ" деді. Аймағамбетов тексеріс жүріп жатқаны-жатпағаны жөнінде нақты айта алмады.

Ол сөз арасында студенттер өз құқықтарын талап етіп үйренуі тиіс деп санайтынын да жеткізді.

19 наурызда Алматыда өткен президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау митингісі кезінде кейбір студенттер Азаттыққа оқу орнының өздерін шараға мәжбүрлеп қатыстыртқанын айтқан. "Аманат" митингісіне келгенін де білмеген кейбір студенттер шарадан кетуге асыққан.

Қазақстанда мұндай жайттар Назарбаев тұсында да жиі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG