Accessibility links

Министр: 227 елдімекенге су басу қаупі төніп тұр


Атырау облысы Сағыз ауылы су тасқынынан кейін. 31 наурыз 2022 жыл.
Атырау облысы Сағыз ауылы су тасқынынан кейін. 31 наурыз 2022 жыл.

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің айтуынша, қазір Қазақстанда 227 елде мекенге су басу қаупі төніп тұр. Оған үш фактор әсер еткен: қардың уақытында тазаланбауы, арықтардың аршылмауы және қардың еруі. Бұл жөнінде 1 сәуірде премьер-министр сайты хабарлады.

"Жалпы ел бойынша су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-інде су басу қаупі сақталып отыр. 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде сейілді. Биылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қар жамылғысының көлемі 47%-ды құрайды" деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа қарағанда, ауа райының күрт жылынуына байланысты Павлодар облысында Рождественка ауылында – екі тұрғын үй, БҚО-да Шалғын ауылында 25 үй мен 2 әлеуметтік нысанға (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) су кірген. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы үш автомобиль жолы учаскелерін су шайып кеткен.

Бұған дейін Атырау облысы Сағыз ауылының ортасынан қақ жарып өтетін Ноғайты өзенінің тасып, тұрғындардың қауіпсіз жаққа эвакуацияланғаны, бірсыпыра үйлердің есік алды мен қораларын су басқаны хабарланған. Батыс Қазақстан облысында орта мектептің ішін су басып, балшықтан соғылған қабырғалары құлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG