Accessibility links

Германия Сыртқы істер министрі Украинаға ауыр қару-жарақ беруге шақырды


Финляндия қарулы күштеріндегі "Леопард" танкісі
Финляндия қарулы күштеріндегі "Леопард" танкісі

Германияның Rheinmetall қару-жарақ корпорациясы Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізуге дайын екенін мәлімдеді, оның ішінде танкі де бар. Бұл туралы Handelsblatt газеті жазды. Дүйсенбіде Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Украинаға ауыр қару-жарақ беру керек деген болатын.

Басылымның жазуына қарағанда, сөз - Бундесвер қару-жарағынан шығып қалған "Леопард 1" танкілері туралы. Бундесвердің өзі қазіргі заманғы "Леопард 2" танкісін пайдалануға көшкен. Концерн басшысы Армин Паппергердің айтуынша, алғашқы "Леопард" Украинаға алты аптадан кейін жеткізілуі мүмкін. Ол үшін бұл шешімді Германия үкіметі мақұлдауға тиіс. Ал Бербоктың сөзіне қарағанда, бұл ұстаным өзгере бастағанға ұқсайды.

24 ақпанда Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталғанға дейін НАТО-ның кей елдеріндей емес, Германия Украинаға қару-жарақ беруден бас тартып келген. Кейін ол тыйымды алып тастап, танкіге және әуе күштеріне қарсы қару берген. Украина билігі ауыр бронды техника мен әскери ұшақ сұрап отыр.

Өткен аптада Чехияның Украинаға Т-72 танкілерін бергені жайлы ақпарат тараған. Словакиядан өзі жүретін гаубица жеткізу жөнінде де келіссөз жүріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG