Accessibility links

Жапония Сбербанк пен Альфа-Банкке және Ресей Думасының 385 депутатына санкция салды


Украинадағы соғысқа қарсы Токиодағы Ресей елшілігінің алдында өтіп жатқан акция. жапония, 4 наурыз 2022 жыл
Украинадағы соғысқа қарсы Токиодағы Ресей елшілігінің алдында өтіп жатқан акция. жапония, 4 наурыз 2022 жыл

Жапония Сыртқы істер министрлігі Ресейдің 398 азаматы мен 28 ұйымына санкия салынғаны туралы хабарды растады.

Жапония Сырты істер министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде бұл шараны "бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан халықаралық әрекетке Жапонияның қосқан үлесі" деп көрсеткен.

Жапония санкция салған Ресей азаматтарының ішінде Мемлекеттік думаның 385 депутаты мен Катерина Тихонова, Мария Воронцова және Мария Лаврова мен Екатерина Винокурова бар. Жапония сыртқы істер министрлігі алдыңғы екі әйелді Владимир Путиннің қыздары, кейінгі екеуін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың әйелі мен қызы деп есептейді.

Санкцияға Ресей Әскери-теңіз флотының басшысы Николай Евменов, орынбасары, вице-адмирал Владимир Касатонов, Черноморск флотының қолбасшысы, адмирал Игорь Осипов, Құрлықтағы әскер қолбасшысы Олег Салюков, Әуе-ғарыш күштерінің бастығы Сергей Суровикин және ішкі істер күштерінің қолбасшысы Сергей Дронов та ілінген. Бұлардан өзге де бірнеше әскери басшылар бар.

Жапония Ресейдің 26 кәсіпорыны мен Альфа-Банкке және Сбербанкті санкция тізіміне қосқан. Активтері бұғатталып, 12 мамырдан бастап олармен транзакция жасауға тыйым салынған.

Жапония Ресейге жаңа инвестиция салуға да тыйым жариялады. 19 сәуірден бастап Ресейден ағаш, алкоголь әкелуге эмбарго жарияланған.

Украинадағы соғысқа байланысты Жапония билігі бұған дейін де Ресейге бірнеше санкция пакетін салған еді. Оған Ресей президенті Владимир Путин, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, өзге де шенеуніктер мен компаниялар және Ресей банкінің резервтері іліккен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG