Accessibility links

Өзбек президентінің аймаққа сапары кезінде жолдар асығыс жөнделген


Президент Шавкат Мирзияевтің аймаққа сапары кезінде асығыс жөнделген жол. Оқырман жіберген сурет. Сәуір айы, 2022 жыл.
Президент Шавкат Мирзияевтің аймаққа сапары кезінде асығыс жөнделген жол. Оқырман жіберген сурет. Сәуір айы, 2022 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21 сәуірде Қашқадария облысына барып, аудандардың жағдайымен танысқан.

Әдеттегідей президенттің сапары барысында аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейген.

Тұрғындардың бірі Азаттықтың Өзбек қызметіне көрші Науаи облысынан қосымша күш жеткізілгенін айтқан.

Жергілікті белсендінің сөзіне қарағанда, дүкендер кәсіпкерлердің есебінен азық-түлікке толтырылған. Жергілікті билік егер президент дүкенге кіріп қалған жағдайда, бәрі бар екенін көруі тиіс дегенді айтқан.

Бұдан бөлек ойылып жатқан жолдар да асығыс жөнделген.

"Жолдардың үстіне алдымен тас төсемей, жәй топыраққа цемент салып, жөндей салды. Бір жыл өтпей, бұл жолдар қайта бұзылады. Президент алдында көзбояушылық жасап, қанша ақшаны далаға шашып жатыр", - дейді белсенді.

Мирзияев жергілікті өңірлерге сапары барысында, әкімдерге жасанды тірлік істемеңдер деп бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ сынға қарамастан, жергілікті билік асығыс іс-әрекетін тыймаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG