Accessibility links

Түркия Сирияға баратын ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты


Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба (оң жақта) және Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы. Львов, 17 наурыз 2022 жыл.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба (оң жақта) және Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы. Львов, 17 наурыз 2022 жыл.

Түркия Сирияға баратын ресейлік әскери және азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жапты. Бұл жөнінде сенбі күні Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы хабарлады.

Сирияда Ресей әскери контингенті, соғыс ұшақтары да бар.

Түркия сыртқы істер министрінің сөзіне қарағанда, әуе кеңістігінен өтуге рұқсат үш айға берілген, оның мерзімі сәуір айында аяқталған. Министр келісім мерзімін ұзартпау себебін түсіндірген жоқ, алайда қазір Босфор бұғазы арқылы соғыс кемелерінің өтуіне де тыйым барын еске салды. Түркия бұған дейін мұндай қадамын Украинадағы соғыспен байланыстырған.

Ресейге түрік әуе кеңістігі арқылы Сирияға ұшу өте ыңғайлы. Енді Мәскеуге Иран мен Ирак әуе кеңістігін пайдалануына тура келеді.

Чавушоглыдың айтуынша, Түркия Ресей-Украина қақтығысында араағайын болуға күш салып жатыр. Министрдің сөзіне қарағанда, шағын жұмыс топтары арасында келіссөз де жүріп жатыр, сонымен бірге Украина мен Ресей президенттерінің кездесуін Түркияда өткізу туралы алдын ала келісім де бар.

XS
SM
MD
LG