Ресейдің Қорған қаласында дәрі-дәрмек шығаратын "Синтез" кәсіпорнында жарылыс болды. Төтенше жағдай кәсіпорын цехтарының бірінде болған. Ғимараттың бір бөлігі қираған. Бір адамның зардап шеккені хабарланды.
Кәсіпорын жетекшілерінің бірі 45.ru сайтына жарылыс кәсіпорында жұмыс күні аяқталған шақта болғанын айтқан. Ол кезде зардап шеккен қызметкер ауысымын аяқтап жатқан.
"Коммерсантъ" басылымы аталған кәсіпорынды Ресейде госпиталь сегментіне арналған антибиотик шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде атайды. Ақпаратқа қарағанда, "Биннофарм Групп" холдингісіне қарайтын зауытта коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы, сонымен бірге коронавирустан емдейтін дәрілер шығарылады.