Американың танымал актрисасы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқарманың ерікті елшісі Анжелина Джоли гуманитарлық миссиямен Украинаның Львов қаласына келді.
Темір жол вокзалында ол Донецк облысынан эвакуацияланған жолаушылармен және еріктілер, дәрігерлермен сөйлескен.
БҰҰ Джолидің Львовқа жеке сапармен барғанын, босқындар ісі жөніндегі басқарманың сапарға қатысы жоғын мәлімдеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары актриса барған Львовтағы дәмханалардың бірінен видео жариялады.
Ресей Украинаға басып кіргелі бері Джоли соғысқа қарсы екенін талай мәлімдеп, Батыс елдерін украин босқындарына көмек беруге шақырып келеді.