Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

Нэнси Пелоси: АҚШ соғыс біткенге дейін Украинаға көмектесуге даяр

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Киевке келді. Конгресс делегациясының сапары алдын ала хабарланбады. Украина президенті Владимир Зеленский мен Пелосидің кездесуінен түсірілген видео жексенбі күні таңертең жарияланды.

"АҚШ Ресей басқыншылығына қарсы күресте Киевке көп көмек көрсеткен мемлекет. Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін қорғауға көмектескеніңіз үшін алғыс айтамыз" деп жазды Зеленский телеграм-арнасында.

Пелосидің Туиттер аккаунтында Конгресс делегациясының Киевке келгенін растайтын хабарлама пайда болды. Қазір ол Польшаға кетіп барады. Делегация құрамында ірі демократ-саясаткерлер бар.

Зеленскиймен кездесу кезінде Нэнси Пелоси Украина қазір еркіндігі үшін ерлікпен күресіп жатыр және АҚШ соғыс біткенге дейін Украинаға көмектесуге дайын деп мәлімдеді. Украина президенті спикерді орденмен марапаттады.

Соғысқа байланысты Украина әуесі әлі жабық. Киевке баратын шетел басшылары Украина астанасына пойызбен жетіп жүр. Сәуір айында Киевте АҚШ мемлекеттік хатшысы және қорғаныс министрі, британ премьер-министрі және Еуропа елдерінің бірқатар басшылары болған.

Осы аптада Өкілдер палатасы Украинаға қару-жарақ пен әскери техниканы бюрократиялық процедураларды айналып өтіп тасымалдауға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдаған. Бұған қоса, Конгреске Украинаға қосымша 33 млрд доллар қаржылай көмек көрсету туралы әкімшіліктің өтініші түскен.

Одессаға әуеден соққы жасалды. Әуежайдың ұшу-қону жолағы бүлінді

Жексенбі күні Одессаға әуеден соққы жасалды. Соның салдарынан әуежайдың ұшу-қону жолағы бүлініп, жарамсыз болып қалған. Бұл жөнінде Украина қарулы күштерінің "Оңтүстік" жедел басқармасы хабарлады.

Куәгерлер бірнеше жарылыс дыбысын естіген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ресей қорғаныс министрлігі ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Бір апта бұрын да Одессаға зымыранмен соққы жасалған еді. Снарядтардың бірі тұрғын үйге түсіп, 8 адам қаза болған. Арасында үш жасар қыз, анасы мен апасы болған.

Ресей қорғаныс министрлігі Одесса түбіндегі әскери аэродромға соққы бергенін мәлімдеген. Бірақ тұрғын үйге зымыран түсіп, бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы айтпаған.

Осыған дейін Одессада 1-3 мамыр аралығында коменданттық сағат енгізілген еді. Қалада осы уақыт аралығында пойыздар тоқтайды. Темір жол вокзалы жабылады. Мұндай шаралар Антимайдан наразылығына бір жыл толуы қарсаңында енгізіліп отыр.

2014 жылы 2 мамырда Одессада Еуромайдан жақтастары мен ресейшіл белсенділер арасында қақтығыс болып, 48 адам қаза болған. 2 мамырда қала тұрғындары қаза болғандарды еске алмақ, алайда билік арандату әрекеті болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Киевке АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келді

Киевке АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келді, деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленскийдің телеграм арнасы.

Зеленский АҚШ-ты Ресей басқыншылығына қарсы күресте Киевке көп көмек көрсеткен мемлекет деп атап, Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін қорғауға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Актриса Анжелина Джоли Украинаға келді

Американың танымал актрисасы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқарманың ерікті елшісі Анжелина Джоли гуманитарлық миссиямен Украинаның Львов қаласына келді.

Темір жол вокзалында ол Донецк облысынан эвакуацияланған жолаушылармен және еріктілер, дәрігерлермен сөйлескен.

БҰҰ Джолидің Львовқа жеке сапармен барғанын, босқындар ісі жөніндегі басқарманың сапарға қатысы жоғын мәлімдеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары актриса барған Львовтағы дәмханалардың бірінен видео жариялады.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Джоли соғысқа қарсы екенін талай мәлімдеп, Батыс елдерін украин босқындарына көмек беруге шақырып келеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG