Accessibility links

Өтпеген митинг, ұсталған адамдар. Полиция он шақты адамды күшпен ұстап әкетті


Өтпеген митинг, ұсталған адамдар. Полиция он шақты адамды күшпен ұстап әкетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

1 мамыр күні Алматыда полиция Орталық саябақ маңынан он шақты адамды ұстап әкетті. Қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов бүгін жұртты митингіге шығуға үндеген. Ұсталғандар ешқандай талап айтып үлгермеді. Полиция ұстау себебін түсіндірген жоқ.

"Митинг өтеді" деген күні Алматыда Орталық саябақ аумағында күзет күшейді, ондаған полицей мен автозак аумақты бақылады. Саябақ аумағында он шақты адам ұсталды. Осыған дейін шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын митингіге шақырған. ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығу, жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны екі есе өсіру, кредитті кешіру талаптарын көтеруді, Ресеймен соғыста Украинаны қолдауды ұсынған.

XS
SM
MD
LG