Accessibility links

Путин контрсанкцияға ілінген шетел компанияларына шикізат сатуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин Украинада соғыс басталғаннан кейін Мәскеуге санкция салған елдерге қарсы шектеу қою туралы жарлыққа қол қойды. Құжат өзге жайттармен қатар "қара тізімге" енген елдерге шикізат пен өнім сатуға тыйым салады.

Жарлық үкіметті он күн ішінде шектеу қоятын елдерді анықтауға міндеттейді. Олармен осыған дейін жасалған келісім бойынша да міндетті орындауға, қаржы операциясын жүргізуге, жаңа келісім жасауға тыйым салады.

Құжатқа қарағанда, ережелердің тек компаниялар мен мемлекеттік органдар ғана емес, Ресейдің барлық азаматына қатысы бар. Жарлықта шектеу шаралары "ұлттық мүддені қорғау мақсатында" енгізіліп жатыр деп жазылған.

  • Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресей Мәскеуге санкция салған елдерді "достық ниеті жоқ" елдердің тізіміне енгізген. Арасында АҚШ, ЕО елдері, Жапония, Сан-Марино, Микронезия бар.
  • Мәскеуге санкция салған елдер Ресейдің табиғи ресурстарына тәуелділікті азайтуға тырысып жатыр. Атап айтқанда, Еуроодақ елдері Ресей отынына тәуелділікті азайту мәселесін қарастырып жатыр. Әлемдік ірі өндірушілер де Ресей көмірі, титан және өзге ресурстарынан бас тартатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG