Accessibility links

UKRAINE-CRISIS/MARIUPOL-AZOVSTAL. Мариупольдегі "Азовсталь" зауытында қалған адамдарды эвакуациялау колоннасы. 2 мамыр 2022 жыл.
UKRAINE-CRISIS/MARIUPOL-AZOVSTAL. Мариупольдегі "Азовсталь" зауытында қалған адамдарды эвакуациялау колоннасы. 2 мамыр 2022 жыл.

Лавровтың Израильді ашуландыруы және Мариупольдегі эвакуация. Соғыс хроникасы

Украинадағы соғыстың негізгі ақпараттары.

00:23 3.5.2022

УЕФА Ресей құрамасы мен клубтарын 2022-2023 жылдардағы маусымынан шеттетті

Ресей футбол құрамасының жанкүйерлері. Мәскеу, 12 маусым 2021 жыл.
Ресей футбол құрамасының жанкүйерлері. Мәскеу, 12 маусым 2021 жыл.

Ресей құрамасы 2022-2023 жылдардағы маусымда Ұлттар Лигасы додасына қатыса алмайды. Құрама өз тобында бірден төртінші орын алып, төменгі санаттағы топқа өтеді. Ресейдің футбол клубтары болса, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы дейтін жарыстарға қатыстырылмайды. Елдің еурокубоктардағы рейтингі төмендетіледі. Дәл осындай санкция әйелдер, жастар және футзал жарыстарына да қолданылады.

Ресейдің әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына өтіп тұрған. Бірақ енді олардың орнына Ұлыбританияда өтетін додаға Португалия құрамасы қатысады. Ресей құрамасы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінен де қағылды. Олар өз тобында екінші орында келе жатқан.

Сонымен қатар УЕФА атқарушы комитеті Ресей футбол одағының Еуро-2028 және Еуро-2032 жарыстарын өткізуге деген өтінішін қисынсыз деп таныды.

Мұның алдында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол ассоциацияларының одағы (УЕФА) Украинаға басып кірген Ресейдің құрама командалары мен клубтарын жарыстардан белгісіз уақытқа шеттеткен. Ал УЕФА Ресейдің "Газпром" компаниясымен әріптестігін үзген.

21:58 2.5.2022

Бүгін де "Азовсталь" зауытының жертөлесінен жүзден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы Мариуполь мэрі Вадим Бойчеко мәлімдеді. Зауытта тығылған бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кеше, 1 мамырда басталып, олардың басым бөлігі Запорожье қаласына жіберілген.

21:43 2.5.2022

Украина бас прокуроры Ирина Венедиктов Бучадағы қырғынға күдіктілердің бірінің есімін атады. Ол – Ульянов облысындағы ұлттық гвардия бөлімшесінің командирі Сергей Колоцей.

«Буча прокурорлары мен полицейлері дәл осы адам 18 наурызда Бучаның қарусыз төрт тұрғынын өлтірген. 29 наурызда ол бір тұрғынды қинап, Ресей әскеріне қарсы «шыққанын» күштеп мойындатқан. Украинаны қолдайтын тұрғынды «жертөлеге» апарып, ұрған. Кейін оны құлағының түбінен атып тастаған» дейді Венедиктова.

Өткен аптада Украина бас прокуратурасы Бучадағы қырғынға «қатысы бар» деп ондаған ресейлік әскеридің тізімін жариялаған. Журналистер тізімдегі бірнеше әскеримен тілдескен, олардың біразы 64-мотоатқыштар бригадасында бұрын қызмет еткенін растаған, бірақ қазір әскери қызметте емесін айтқан.

Бұл – ресми органның мәлімдемесі. Азаттық редакциясы ресми өкілдерінің соғысқа қатысты мәліметтерін уақытында тексере алмайтынын ескереміз.

20:58 2.5.2022

Киев облысы полициясы 101 мародерді ұстағанын, тағы 42 адамға Ресейге көмектесті деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бұл адамдар қанша күнге қамалғанын полиция айтпады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG