Министрлік оппозициялық саясаткер Қуанышәлиннің партия құруына рұқсат бермеді
«Алға, Қазақстан!» деп аталатын партия құруды мәлімдеген оппозиция белсенділері әділет министрлігі құжаттарын кері қайтарып жібергеніне наразы. Олар партия құруға ресми түрде рұқсат алу үшін 4 мамыр күні министрлікке 1600-ге жуық адамның қолы мен дерегін тапсырған.